ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ФЕСТИВАЛІ

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қарағанды Бөкетов зерттеу университетінде "Бір шаңырақ астында" фестивалі өтті, оның мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту және студенттер арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Іс-шараға оқытушылар, студенттер, университет қызметкерлері және демеушілер қатысты. Басқарма Төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Еркеблан Тәжбаев құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан – бірлігі мен ынтымағы жарасқан көпұлтты мемлекет екенін, сондай-ақ еліміздің басты өзегі және жалпыұлттық бірегейлікті нығайтатын негізгі фактор – бірлік екенін атап өтті. "Студенттеріміз ұйымдастырған бүгінгі іс-шара Қазақстан халқының біртұтас ел екенін тағы да бір мәрте дәлелдей түсті. Сонымен қатар бәріміз бір елдің азаматы ретінде мемлекетіміздің өркендеуіне күш салуымыз керек", - деп атап өтті. Фестиваль барысында 12 факультеттің студенттері Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдениетімен, дәстүрлерімен және тағамдарымен таныстырды. Сондай-ақ, іс-шара аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, онда азық-түлік және әшекей бұйымдар сатылды. Жәрмеңкеден жиналған 700 мың теңге су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан өңіріне көмек ретінде жіберілетін болады.