ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ



ӘСКЕРИ КАФЕДРА



ҚАЙРАТ
БАЛТАШҰЛЫ ӘБІШЕВ

кафедра басшысы
запастағы полковник


Телефон: +7 7212 51-84-63, 51-38-20
E-mail: vk_buketov@ksu.kz
Гоголь к., 38,
№ 4-ғимарат, 1-қабат


Әскери кафедра Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үшін запастағы офицерлерді даярлауды жүзеге асырады. Арнайы іріктеуден өткен университет студенттері кафедра тыңдаушылары болып табылады.

Әскери кафедраны құрудың мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын толықтыру, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс (РХБҚ), экологиялық қауіпсіздік әскерлері үшін резервтік офицерлерді дайындау.

Әскери кафедраның негізгі қызметі - РХБҚ әскерлерінің теориялық және практикалық мәселелері бойынша жоғары білікті запастағы офицерлерді дайындау.

Оқытудың негізін далалық жаттығулар, ал оның ішінде арнайы-тактикалық және арнайы дайындық құрайды. Студенттер қару-жарақ пен әскери техниканы сауатты және тиімді қолдануды, бөлімдерді қиын жағдайда басқара білуді, ұйымдастыру жұмыстары мен басқа да көптеген іс-әрекеттерді атқаруды үйренеді.

Әскери даярлық бойынша оқу бағдарламасын орындағаннан соң студенттер кешенді бітіру емтиханын тапсырады және жоғары оқу орнын бітірген соң запастағы офицерлер құрамына қабылданады.

Әскери кафедра Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментіне және университеттің Басқарма Төрағасы – Ректорына бағынады.