ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Докторантура


Бұл университеттік білімнің үшінші деңгейі.

Докторантура бағдарламалары ғылыми-педагогикалық бағытқа құрылған. Докторанттар іргелі әдіснамалық және зерттеу дайындығына ие болады.

Докторантурада оқу ұзақтығы – 3 жыл.

Докторантурада оқу тілі қазақ және орыс тілдері болып табылады, жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.

Оқыту қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, күндізгі форматта жүргізіледі.

Докторантурадағы оқу жылы 2 семестрге бөлінеді.

Әр семестр 15 аптадан тұрады. Семестрлер арасында каникул белгіленеді

Оқу жылы ішіндегі демалыстың жалпы ұзақтығы, бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 7 аптаны құрайды.

Келесі оқу курсына өту үшін докторант жылдық жеке оқу жоспарын толығымен орындап, барлық емтихан пәндері мен практикалары бойынша оң баға алуы қажет.

Білім беру бағдарламасы теориялық, практикалық және ғылыми-зерттеу даярлығын қамтиды. Оқу процесінде докторант өзінің оқу траекториясын дербес қалыптастыруға, оқу пәндерін және докторлық диссертациясының зерттеу бағытын таңдауға мүмкіндігі бар. Диссертацияны дайындау – отандық және шетелдік екі ғалымның жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Философия докторларын (PhD) даярлау бойынша білім беру процесі аяқталуының негізгі өлшемі докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруі болып табылады. Оқу аяқталғаннан кейін докторант диссертация қорғауы тиіс. Докторантура бағдарламасын нәтижелі игерген және диссертацияны қорғаған жағдайда докторантқа философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.


Ағымдағы оқу жылына арналған докторанттардың академиялық күнтізбесін қарау:
АК-2-курс
АК 2 курс қыс
АК 2 курс қыс 2022
АК 3 курс
АК 3 курс қыс
АК 1к желтоқсан 2022
АК 1 курс 2023
Акад кал 1 курс қыс


Докторантураның білім беру бағдарламаларының тізбесін қарау

Ағымдағы оқу жылына

8D01101-Педагогика және психология

8D01102-Білім беру психологиясы

8D01103-Сандық педагогика

8D01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті

8D01702-Шетел тілі: екі шетел тілі

8D02201-Философия

8D02202-Тарих

8D02301-Филология

8D04101-Экономика

8D04102-Мемлекеттік және жергілікті басқару

8D04201-Құқықтану

8D05301-Химия

8D05302-Физика

8D05303-Жылу физикасы және теориялық жылу техникасы

8D05401-Математика

8D05402-Механика

8D05101-Биология


Қабылдау комиссиясының сайтына өтіңіз