ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Coursera


07.12.2023

06.12.2023

Coursera плафтормасында білім алушылардың барлық лек бойынша меңгерен курстары


20.11.2023

Меңгерілген курстар бойынша нәтижелер

Coursera плафтормасында білім алушылардың барлық лек бойынша меңгерен курстары (сертификатқа сілтеме)


15.11.2023

Біздің қазақ тіліне локализацияланған 100 курсқа тағы екі жаңа курс қосылғандығы туралы хабарлаймыз:
1. Қызметкер өтемақысын басқару
2. Жаһандық экономикадағы бизнес мүмкіндіктері мен тәуекелдері

Енді платформада қазақ тіліне толықтай аударылған курстар саны - 102, орыс тіліне толықтай аударылған курстар саны - 50 және басқа тілдердердегі курстар саны - он мыңнан астам.

тізімді көру


«Coursera» компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальдамен кездесу өтті

10 маусымда Astana IT University базасында «Coursera» компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальданың қатысуымен «Coursera қазақ тілінде» жобасына қатысушы 25 аймақтық университет ректорлары, проректорлары және студенттерімен кездесуі өтті. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, онлайн курстарды оқытудың маңыздылығын ашып, дәріс оқыды.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен университетімізге «Coursera қазақ тілінде» курстарына білім алушыларымызға 1500 лицензия берілген.

Бүгінгі таңда 1500 білім алушымыз жазылған курстарын сәтті меңгеріп шықты. Университет бойынша білім алушылар 501 атауы курстарға жазылды, соның ішінде 80 курс қазақ және орыс тілінде, қалған 421 курс ағылшын тілінде меңгерілді.

Курстарға жазылған 1500 білім алушыларымыздан 1 сертификат алғандар саны - 409, 2 сертификат алғандар саны - 223, 3 сертификат алғандар саны – 150, 4 және одан да көп сертификат алғандар саны – 718.

Кездесу «Coursera қазақ тілінде» курстарынан жоғары нәтиже көрсететкен студенттерді марапаттаумен аяқталды. Марапаттауға үздік нәтиже көрсеткен университетіміздің педагогика факультетінің 1 курс магистранты Калабаева Айгерім ұсынылып, «Coursera» компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальданың қолынан үздік студент сертификатын алды.

Бүгінгі күні екінші лектің 1500 білім алушысына тіркеу жүргізіліп, дайындық жұмысы басталып кетті.

Білім алушыларымыздың жинаған тәжіибесі мен білімі кәсіби қызметтерінде пайдаланатындықтарына сенімдіміз!

"Coursera"онлайн-платформасында оқыту бойынша қысқаша әдістемелік нұсқаулар

"Coursera" платформасы бойынша жалпы ақпарат

"Coursera"платформасының локализацияланған 100 курсының (қазақ және орыс тілдерінде) тізбесі

2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде қазақ және орыс тілдеріне аударылған "Coursera" ЖАОК курстарын қолдану (1 лек, оқу кезеңі 21.02.2023 ж. - 21.05.2023 ж.)

2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде қазақ және орыс тілдеріне аударылған "Coursera" ЖАОК курстарын қолдану (2 лек, оқу кезеңі 06.06.2023 ж. - 31.08.2023 ж.)

2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде қазақ және орыс тілдеріне аударылған "Coursera" ЖАОК курстарын қолдану (3 лек, оқу кезеңі 16.09.2023 ж. - 16.12.2023 ж.)