ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер


Университетте білім алушыларды әлеуметтік қолдау саясаты бар. Ол университетте оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беруді қарастырады. Бұл құқықты талапкерлер, студенттер және қызметкерлер пайдалана алады. Жеңілдіктер алу негіздері ішкі ережелерде айқындалған.


Жеңілдіктер беру туралы ережені қарау

Егер Сіз осындай жеңілдіктерді алуға үміткер тұлғалар санатына жататын болсаңыз, Басқарма төрағасы-университет ректорының атына өтініш жазыңыз, онда жеңілдік беру туралы өтінішті және тиісті негізді көрсетіңіз, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріңіз. Өтінішті және растайтын құжаттарды университеттің студенттер мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығының порталына электронды нұсқасын тапсырыңыз.