ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Әлемдік рейтингісіндегі жайғасымдары


QS Stars

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті QS Stars бағдарламасы аудитінің нәтижесі бойынша 4 жұлдыз алды. QS Stars - әлемдегі ең беделді университет рейтингтерінің бірі болып саналатын QS WUR негізін қалаушы Quacquarelli Symonds рейтингтік жүйесі.
Сертификат

QS WORLD UNIVERSITY RANKING – 2023

2023 жылғы QS World University Ranking рейтингісінің нәтижелері бойынша Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 801+ позициясына тұрақтады.

Британдық QS (Quacquarelli Symonds) агенттігі 10 жылдан астам уақыт бойы әлем университеттерін саралап келеді. QS жыл сайын 3 мыңға жуық жоғары оқу орнын бағалап, солардың ішінен үздіктерін таңдайды.
www.topuniversities.com

QS ASIA – 2023

Әлемдік білім рейтингтеріне ену-жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия университеттерінің жыл сайынғы саралануын QS халықаралық рейтингтік агенттігі (Quacquarelli Symonds) жүргізеді. QS Asia рейтингіне кіретін жоғары оқу орындарының ішінде Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдердің 800-ден астам мықты университеттері бар. 2023 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті өз позициясын нығайтып, 206-орынды иеленді (анықтама үшін: өткен жылы біздің ЖОО 235-орынды иеленді). Осы беделді рейтингке енген 34 қазақстандық университеттердің ішінде біздің ЖОО үздік 10-дыққа кірді!

АРТА: ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГІСІ – 2022

2022 жылғы Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің нәтижелері бойынша Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 4-ші орынды иеленді.

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «Жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингісін» өткізіп келеді iaar.agency

БСҚТА: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК КӨПСАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГІСІ – 2022

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) 2022 жылғы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қазақстанның жетекші көп бейінді жоғары оқу орындары арасында 3-орынды және еліміздің көп бейінді өңірлік жоғары оқу орындары арасында 2-орынды иеленді. iqaa-ranking.kz

«АТАМЕКЕН» ҰКП БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІСІ – 2022

2022 жылғы «Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 11 білім беру бағдарламасы үздік үштікке енді.

Университеттің 33 бағдарламасы рейтингке қатысушылардың жалпы тізімінің бірінші жартысында орналасты. atameken.kz

ЖАҺАНДЫҚ БІРІКТІРІЛГЕН РЕЙТИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ – 2022

2022 жылғы Жаһандық біріктірілген рейтинг нәтижелері бойынша Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті әлемнің үздік университеттерінің ТОП 10%-на кірді.

Жаһандық біріктірілген рейтинг QS және THE сияқты әлемдік рейтингтерді қамтитын аса беделді 12 жаһандық институционалды рейтинг бойынша, сонымен қатар DEQAR аккредиттелген бағдарламаларының еуропалық мәліметтер базасының көрсеткіштері бойынша сараланған жоғары білім беру ұйымдарының жіктелуін білдіреді.

2022 Жаһандық біріктірілген рейтинг 2021 жылғы рейтингтердің нәтижелері бойынша жасалды. Бұл рейтингте 124 ел мен 3382 жоғары оқу орны ұсынылған best-edu.ru