ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қарағанды қаласы, Қарағанды облысының, оған іргелес өңірлердің жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 11 сынып оқушылары арасында химия пәнінен ХVII ашық облыстық олимпиада

2024 жылдың 27 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің химия факультеті базасында, Қарағанды қаласы, Қарағанды облысының, оған іргелес өңірлердің жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 11 сынып оқушылары арасында химия пәнінен ХVII ашық облыстық олимпиада өтті. Олимпиада екі кезеңді қамтыды. Бірінші теориялық кезең есеп шығару түрінде өткізіліп, екінші кезеңде – эксперименттік тапсырмаларды орындады. Әділ-қазылардың шешімімен олимпиада қорытындысы жарияланды және жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. 1 орын Асқар Ботакөз Мұхтарқызы - Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Қарағанды қ.; 2 орын Жилкибаева Балжан Ерболдықызы- Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Қарағанды қ.; 2 орын Тоимбек Фариза – Сәкен жалпы орта білім беру мектебі КММ, Қарағанды обл., Нұра ауданы; 3 орын Мырзагулов Шахмардан Алмасулы – «№66 мектеп-лицейі» КММ, Қарағанды қ.; 3 орын Осадченко Виктория – «№2 лицейі» КММ, Қарағанды қ.; 3 орын Аюханова Альбина Рамильевна – Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі, Атасу к. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!