ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Университетке Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің делегациясы келді.

2024 жылдың 30 сәуірінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің делегациясы келді. Делегацияны елші Мұстафа Капуджу басқарды.

Сапар барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Н.О. Дулатбековпен ресми кездесу өтті. Кездесу барысында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Түркия университеттері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар ғылым, білім және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары перспективаларын атап өтті.

Сондай-ақ сапар барысында Елші Мұстафа Капуджу шетел тілдері факультетінде қонақ дәріс оқыды және ТИКА түрік тілі кабинетінде болды.