ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Ұстаздық еткен жалықпай» эссе байқауы

26.04.2024ж. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған республикалық «Ұстаздық еткен жалықпай» байқаудың нәтижесі жарияланды. Байқаудың мақсаты - бастауыш білім беретін педагогтердің мамандық таңдаудағы асыл арманымен жалғастық тапқан, өмір бойы ізденіспен өткен саналы ғұмырын көпшілікке насихаттау, ұлттық мектеп педагогының мәртебесін ұлықтау. Байқауға еліміздің әртарабындағы 7 облыстан 129 жұмыс келіп түсті. Әділ қазылар алқасы педагогтердің өз шығармаларында ұстаздық кәсіпке мақсатты бейімдеудің ұтымды жолдарын қарастырып, кәсіби бағдар берудің тиімді әдістемесін жасақтауға деген ұмтылысын жоғары бағалады. Әділқазылар төрайымы, п.ғ.д., профессор Абильдина Салтанат Қуатовна байқау жеңімпаздарын дипломдармен марапаттай отырып, педагогтерді әдеби шығармашылықты жетілдіруге ынталандыратын, олардың ұстаздық шеберлікке жету ниеттерін қолдайтын осындай іс-шаралардың кейін де жалғасатындығын мәлімдеді. Байқау жеңімпаздары: 1 орын - Блялова Алуа Аманжолкызы, Қарағанды қаласы, «№66 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі 2 орын - Койгельдина Гульмира Тулепбековна, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі - Аскарова Умитжан Темирханқызы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Киев орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі 3 орын - Адилханова Нурбакыт Жумагелдиевна, Қарағанды қаласы, «Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі - Ибраева Кулзира Кайырбековна, Қарағанды қаласы, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі - Асылбекова Жумакуль Акынкереевна, Қарағанды қаласы, «№66 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі