ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Жас дизайнерлер мен сәнгерлер арасында халықаралық байқауы

25.04-26.04 2024 жылы Шымкент қаласының М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80-жылдығына орай «ALTYN ORNEK» жас дизайнерлер мен сәнгерлер арасында халықаралық байқауы өтті. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті педагогика факультетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының «6В02101-Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша ДИЗ-41-20к тобының студенттері коллекциясымен: Мереке Шұғыла «Көкмайса» - жетекшісі Түсіпова Шолпан Сенбайқызы және Хуаныш Жазира «Қызыл құйын» - жетекшісі Есагамбетова Лязат Оралбаевна жоғарыда аталған топтамалырымен конкурсқа қатысты. Подиумда Қазақстанның түрлі қалаларынан және Өзбекстан мен Қырғызстанның көршілес республикаларынан 30-дан астам қатысушылар өз коллекцияларын ұсынды. «ALTYN ORNEK» жас дизайнерлер мен сәнгерлер арасында халықаралық байқауында әр түрлі стильдерден образдарға дейін ойластырылған бейнелер мен әр дизайнердің жеке қолтаңбаларыда бағаланды. Байқау шешімі бойынша біздің студенттер III дәрежелі Диплом лауреаты атанды.