ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«РУХАНИ KZ» ЖОБАСЫ

Ұлт руханиятының үш бәйтерегі – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына, Нұркен Әбдіровтің 105 жылдығына, Аппақ Байжановтың туғанына 200 жыл толуына орай «РУХАНИ KZ» жастар-ағартушылық жобасы өз шымылдығын түрді. Айтулы жоба университеттің басшылығымен белсенді студенттерді қолдау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. «РУХАНИ КZ» — ұлттық сананы қалыптастырып, көрнекті тұлғалардың өмірін, еңбегі мен тарихи мұраларын таныстыратын, жастардың рухани дамуына, университеттің әлеуметтік жұмыстарына қатысуға ынтасын оятатын ерекше жоба. Мамыр айының екісі күні 130 студент еліміздің киелі өңірлері — Тараз, Жезқазған, Баянауыл, Қарқаралыға танымдық сапарға аттанады. Бүгін «Жастар орталығында» жоба ұйымдастырушылары жастарға екі күнгі жолсапардың бағыт-бағдары туралы айтты, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рухани-танымдық сапарға жолдама алғандар қауіпсіздікті қамтамасыз ету нұсқаулығымен танысып, Студенттік емханада дәрігерлік тексеруден өтті.