ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылғы 19-28 сәуір аралығында Қосымша білім беру факультетінің қызметкерлері Моңғолияда тұратын ұлты қазақ бітіруші сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. 2024-2025 оқу жылына дайындық бөлімінің тыңдаушыларын қабылдау мақсатында Баян-Өлгей аудандық орталығы, Толбо, Сағсай, Цаганнур, Ұланхус, Сангел ауылдарының мектептерінде кездесулер өтті. Баян-Өлгей ауданының білім бөлімінің басшысы, мектеп директорларына KBU ректоры профессор Н.О.Дулатбековтың алғыс хаттары, Қазақстан туралы кітаптар, 2023-2024 оқу жылының дайындық бөлімінің тыңдаушыларының жарияланымдарымен «Жастар әлемі» журналдары табыс етілді.