ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Бағдарламалық аккредиттеу

2024 жылғы 16 сәуірден бастап университетте білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жетекші халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің бірі - аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) отандық және шетелдік сарапшылары жұмыс істейді. Сарапшылар экономика факультетінің 12 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалайды.

Сапар аясында комиссия мүшелері университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, түлектермен және аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілерімен кездеседі, факультеттердің материалдық - техникалық базасымен танысады, оқу сабақтарына, практика базаларына қатысады.