ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы»

2024 жылдың 29 сәуірінде академик Е.Ә.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің, педагогикалық факультетінде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты аймақтық семинар өтті. Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені жас ұрпақтың тәрбиесі – ұлт болашағы. Платон: «Халқыңды құтқарғың келсе, қыз өсір, жаныңды сақтағың келсе, ұл өсір» деген. Қай кезеңде де әр халықтың алдында тұрған ұлы міндеттердің ең бастысы – оның ісі мен өмірін жалғастыратын дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Аға ұрпақтың қоғам алдындағы ұлы парызы – мемлекетіміздің болашақ азаматтарын жан-жақты жетілген, саналы, мәдени-ғылыми саласы дамыған етіп тәрбиелеу. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп тәрбиелеуде халықтық салт-дәстүрлердің тәрбиелік, тәрбиелік рөлі зор. Семинар жұмысына «Сенімен Болашақ» Қарағанды облыстық филиалының басшысы Индира Жанұзаққызы, Қарағанды қаласы, «Кеншілер мәдениет сарайы» басшысының шығармашылық жөніндегі орынбасары, ақын, тіл жанашыры, облыстық аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Э. Сайлауқызы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті “АРҚА АРУЫ” ұйымының жетекшісі Айнаш Тәбәрікқызы, Imanova beauty” сұлулық салоны желісінің директоры Иманова Перизат қатысты. Шара барысында студенттер мен магистранттар сөз сөйлеп, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен, ұсыныстарымен, тілектерімен бөлісті.