ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қарағанды облысы Полиция Департаментінің өкілдерімен кездесу

Бөкетов университетінің студенттеріне «Білгенің абзал» ақпараттық-профилактикалық жобасы аясында, интернет алаяқтықтың алдын-алу мақсатында Қарағанды облысы Полиция Департаменті мамандарының қатысуымен арнайы кездесу өтті.

Барысында ғаламтордың мүмкіндігін өздерінің құйтұрқы іс-әрекеттері үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілі жайында баяндап, айтылған мәселелердің алдын алу жолдары түсіндірілді.

Қатар, Қарағанды облысы Полиция Департаментінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Даниял Нарынбеков ғаламтор арқылы тауар алғанда жасалатын күмәнді қаржылық операциялар, сондай-ақ «банктен хабарласып», өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстардан сақ болуға шақырды.

Полиция қызметкерлері желіде жазысу немесе телефонмен сөйлесу барысында жеке мәліметтерді ешкімге бермеу қажеттігін ескертті.