ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Осы мақсатта Бөкетов университетінің шетел тілдер факультетінде дәстүрлі «Жүректен жүрекке» атты жәрмеңкесі өтті. Қайырымдылық шараны оқу ордамыздың білім алушылары Ділмұхамед есімді бүлдіршіннің еміне қаражат жинау мақсатында ұйымдастырды. Жәрмекеңде түрлі кондитерлік өнімдер, хош иісті коктейльдер, түрлі тәтті-дәмділер сатылды. Жақсылықтың жаршысына айналған аталмыш іс-шарада оқытушылар мен қонақтар сұлулық салонына, Қытай павильонына және түрлі шеберлік сабақтарға қатысты. Сонымен қатар, хайуанаттар бағы да жұмыс істеді. Қатысушылар басым көбі караоке-бар мен теннис турниріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, мафия ойыны мен виртуалды Just Dance, боулинг ойынын да ойнады. Сауабы мен игілігі қатар жүретін бұл шара ешбірін бей-жай қалдырмай, әрқайсысы бүлдіршіннің еміне өз үлесін қосты. Барлығы 1млн 300.000 теңге жиналды. Қаражат Ділмұхамедтің анасына табысталды.