ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ, ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ


Көктемнің шуақты самалы сезіліп, көңілге жылу сыйлайтын 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде аналық мейірім мен әйелге тән парасатты дәріптеген тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты — ұрпақты тәрбиелейтін, отбасын ұйытатын, қоғамға үлгі боларлық аналардың еңбегін дәріптеу, оларға деген алғыс пен құрметті көрсету. Басқосуда Басқарма төрағасы – Ректор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков университеттің дамуына еңбек сіңірген профессор-оқытушылар құрамы мен көпбалалы аналарды құттықтап , «Ана – отбасының тірегі, қоғамның ұйытқысы. Әр жетістік пен әр игі істің артында ананың мейірімі мен еңбегі жатыр» – деп аналардың орны бөлек екенін ерекше атап өтті. Салтанатты жиында қатысушыларға сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталып, лайықты құрмет көрсетілді. Сонымен қатар ана жайлы әсем әндер де шырқалды.