ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

AI-Sana бағдарламасы

Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту

         Программа AI-Sana

2024 жылғы 11 желтоқсанда жасанды интеллект орталығы тұжырымдамасының тұсаукесері аясында Alem.AI Astana Hub-та Мемлекет басшысы жетекші әлемдік университеттердің акселерация тәжірибесін ескере отырып, жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау үшін AI-Sana бағдарламасын кезең-кезеңмен іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Бағдарлама 650 мың студентті қамтуды көздейді және бірнеше кезеңнен тұрады.

Мақсаты мен міндеттері: «AI-Sana» бағдарламасының негізгі мақсаты — студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, постдокторанттарға және бейінді салалардағы (ауыл шаруашылығы, cу ресурстары, энергетика, білім беру және т.б.) жас зерттеушілерге ЖИ және AI-кәсіпкерлік саласында қосымша құзыреттер беру. Бұл болашақ мамандарға өздерінің кәсіби салаларын терең түсініп қана қоймай, жұмыс процестерін оңтайландыру және өзекті салалық міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Бағдарлама түлектері салалық міндеттерді инновациялық тұрғыдан шешу үшін өздерінің стартаптарын құра алады немесе алған білімдерін жұмыс орындарында тиімді қолдана алады, инновациялардың таралуына және өз салаларының технологиялық дамуына ықпал етеді.

Анықтама үшін:

«AI-Sana» бағдарламасын іске асыру кезеңдері:

Бағдарламаны іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, олардың әрқайсысы студенттердің құзыреттерін дәйекті дамытуға бағытталған: ЖИ бойынша базалық білімнен бастап стартаптарды кәсіби дамытуға және масштабтауға дейін.

Даярлық кезеңі (қамту — 650 мың студент): Coursera, Huawei платформаларында, сондай-ақ Astana Hub және ЖОО алаңдарында ЖИ бойынша базалық курстарды қамтиды. Бұл кезең барлық жоғары білім беру студенттеріне (бакалаврлар, магистранттар, докторанттар) арналған және жасанды интеллект саласындағы негізгі трендтер, технологияның негізгі принциптері және оны әртүрлі салаларда практикалық қолдану мүмкіндіктері туралы дәрістерді қамтиды.

1-кезең: оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) дайындау: АИ және технологиялық АИ-кәсіпкерлікті оқыту бағдарламасын әзірлеу, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді (бейне-контентті қоса алғанда, оқыту платформасын) дайындау. Дайындық кезеңінен өткеннен кейін халықаралық сарапшылар тобы мамандандырылған әдістемелік бағдарлама ұсынады.

2-кезең (қамту — 100 мың студент): Оқыту ЖИ-ге кіріспе, кәсіпкерлікке кіріспе, трендтер мен кейстерге шолу, сондай-ақ дизайнерлік ойлауды қамтиды. Бағдарламалар жобаларды әзірлеуде практикалық дағдыларды игеруге және ЖИ қолдану арқылы нақты салалық міндеттерді шешуге бағытталған.

3-кезең (қамту — 60 мың студент): Жобаларды әзірлеу. Студенттік жобаларды құрылымдауға, масштабтау стратегиясын жасауға және нарықтық қажеттіліктерге назар аударуға баса көңіл бөлінеді. Студенттер менторлар мен сарапшылардың жетекшілігімен жобаларды пысықтайды.

4-кезең (1,5 мың MVP стартап): бұл стартаптарды алдын ала жеделдету, жеделдету және кейінгі жеделдетудің кешенді бағдарламасы.

Алдын ала жеделдету: Перспективалық идеяларды таңдау және нақтылау, MVP құру және бизнес-модельдерді қалыптастыру.

Жеделдету: Тәлімгерлердің, сарапшылардың және мамандандырылған инфрақұрылымның қолдауымен жобаларды нақтылау және масштабтау.

Кейінгі жеделдету: нарыққа шығу, инвестициялар тарту және халықаралық платформалардағы позицияларды нығайту үшін стартаптарды қолдау.

Даярлық кезеңі.

Даярлық кезеңі 2025 жылдың ақпанында басталды және жасанды интеллект бойынша негізгі курстарды оқытуға бағытталған.

Бүгінгі таңда 389 981 сертификат алынды.

Huawei компаниясының курстары

Бағдарлама аясында Huawei компаниясы ЖИ-дің базалық дағдылары бойынша екі курсты («Search and AI» және «Жасанды интеллектіге шолу (AI Overview)» курсын игеріп, қазақ тіліне аударды. Бүгінгі таңда курстардан 175 650 бірегей тыңдаушы өтті, ал сертификаттардың жалпы көрсеткіші 251 593-ке жетті. Оқыту АКТ саласындағы заманауи технологияларды кешенді игеру үшін еліміздің жоғары оқу орындарында ашылған 48 АКТ-Академия базасында жүргізіледі.

Coursera компаниясының курстары               

Coursera компаниясы 95 жоғары оқу орнына 36 890 лицензия бөлді. Coursera білім беру платформасында студенттерге платформада ұсынылған барлық курстар қол жетімді, соның ішінде AI бойынша 2 курс сарапшылары таңдаған: «Барлығына арналған генеративті AI» және «Chatgpt үшін Prompt-инжиниринг» олар бойынша 59 097 сертификат алынды.

Анықтама үшін:

Coursera компаниясы бүкіл әлем бойынша білім беру саласындағы үздік жетістіктері үшін Coursera серіктестеріне жыл сайын берілетін беделді марапат - Coursera Outstanding Achievement Awards 2025 халықаралық сыйлығының жаһандық финалистерінің тізіміне ҚР ҒЖБМ-ді енгізді. 2025 жылғы қыркүйекте Coursera Connect іс-шарасында Қазақстан ресми түрде таныстырылып, халықаралық мойындауға ие болады.

Astana Hub курстары

Astana Hub-пен бірлесіп ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «ЖИ негіздері: ChatGPT» курсы іске қосылды, ол бойынша 119 846 студент сертификатталды, бұл ретте тіркеу жалғасуда.

Жоғары оқу орындарының жеке курстары

Сонымен қатар, жоғары оқу орындары студенттерді белгіленген үлгідегі электрондық сертификаттар бере отырып, өздерінің әзірленген курстары бойынша оқыта алады. Мәселен, ЕҰУ-ға 23 500 сертификат, «Мирас» университетінде –        6 910, Satbayev University-не – 4 978, барлығы - 35 мың сертификат берілді.

 

Бағдарламаны іске қосу.

Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешенін дайындау мақсатында халықаралық сарапшы Пол Кимді тарту пысықталуда.

Анықтама үшін:

Профессор Пол Ким:

- Стэнфорд университетінің AI Entrepreneur кәсіпкерлерді тағылымдамадан өткізу бағдарламасының негізін қалаушы

- Дүниежүзілік Банк жанындағы Халықаралық сараптама комитетінің төрағасы

- Beifang International Education Group (BIEG, China) болашақ білім беру орталығының –  шамамен 350 000 студенті бар 20-дан астам университеттер мен кәсіптік мектептерді басқаратын Қытайдың ең ірі жеке білім беру компаниясының директоры.

2025 жылғы 4 тамызда «Қазақстан Халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысында бағдарламаның бірінші кезеңін қаржыландырудың мақұлдауы алынды. Сондай-ақ Министрлік ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің AI-Sana-ны оператордың «Ғылым қоры» АҚ ұйғарымымен мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне енгізу туралы оң қорытындысын алды.

Айта кету керек, AI-SANA бағдарламасы халықаралық alem.ai. жасанды интеллект орталығы үшін адами капиталдың негізгі көзі болады.

 

Бағдарламаны іске асыру үшін есептеу қуаты.

         Есептеу қуатын дамыту мақсатында Министрлік Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (1,94 PFlops), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (100 TFlops) және  Satbayev University-нің (10 TFlops) базасында суперкомпьютерлердің академиялық кластерін құруда. Жалпы өнімділік - 2 PFlops.

Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде Satbayev University-не ең жоғары өнімділігі 10 Рflops болатын жаңа суперкомпьютер беру туралы Қытай Халық Республикасының Елшілігімен қосымша келіссөздер жүргізілуде.

                              

         ЖИ-кадрларды даярлау

Білім беру процесіне жасанды интеллектіні енгізу мақсатында 2024 жылғы наурызда Министрлік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде     ЖИ-ді қолдану жөніндегі ЖОО-лар арасындағы стандартты бекітіп, жоғары оқу орындарына ұсынды.

Стандарт білім беру процесінде ЖИ-ді пайдаланудың жалпы принциптері мен әдіснамасын, білім беруде ЖИ-агенттерді пайдалану нысандарын, сондай-ақ ПОҚ пен білім алушылардың рұқсат етілген қолдану аймақтарын ашады.

2024 жылдың тамызында Министрлік жоғары білім берудің МЖМБС-на өзгерістер енгізді (ҒЖБМ-нің 27.08.2024 жылғы № 419 бұйрығы), оның шеңберінде білім беру бағдарламаларына кәсіби міндеттерді шешу үшін ЖИ-ді қолдану жөніндегі құзыреттерді игеруге бағытталған пәндер енгізілді.

2025 жылғы наурызда ҒЖБМ жоғары білім берудің МЖМБС-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізді (ҒЖБМ-нің 04.03.2025 жылғы № 90 бұйрығы), оған сәйкес барлық білім беру бағдарламаларында ЖИ бойынша курстар енгізілетін болады.

Бүгінгі таңда 93 ЖОО өздерінің ББ-ның мазмұнын қайта қарады және жеке пән түрінде немесе бейіндік пәндер бөлімдерінде ЖИ-ді енгізді.

ББ жалпы саны 3044, ал ЖИ-мен байланысты пәндердің жалпы саны 4414-ке жетті.

ЖИ саласында кадрлар даярлау жетекші шетелдік университеттермен бірлесіп үш ЖОО базасында жүргізіледі.

1. 2023 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (Қорқыт ата атындағы ҚУ) және Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті (SeoulTech) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ LUPIC (Leading University project for International Cooperation) жобасын іске асыру туралы меморандум негізінде Жасанды интеллект мектебі құрылды.

Анықтама үшін:

Оқыту «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Киберқауіпсіздік» білім беру бағдарламалары (ББ) бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі. Білім беру процесіне SeoulTech оқытушылары қатысады, сондай-ақ корей тарапының цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, оқытудың гибридті моделі іске асырылады. 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде аталған бағдарламаларға 100 грант бөлінді.

2025-2026 оқу жылынан бастап «AI Architect» (ЖИ сәулетшісі) және «Data Management» (Деректерді басқару) бағыттары бойынша қос дипломды бағдарламаны (ҚДБ)  іске қосу жоспарлануда.

Оқыту форматы – 2+2: алғашқы екі жылда студенттер Қорқыт ата атындағы ҚУ-да оқиды, содан кейін SeoulTech-ке ауысып, соңында екі диплом алады.

Lupic жобасы аясында 3 серверлік жабдық пен 53 ДК жеткізіліп, орнатылды, ал 2030 жылға дейін тағы 5 сервер мен 137 компьютер, сондай-ақ 20 VR/AR гарнитура жиынтығы күтілуде.

2. 2024 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) мен CityU арасында ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ ЖИ саласындағы компьютерлік ғылымдар бойынша бакалавриаттың қос дипломды бағдарламаларын (2+2 форматы, Алматыда оқудың алғашқы 2 жылы және Гонконгта соңғы 2 жыл) және «Machine Learning & Data Science» магистратурасының қос бағдарламасын (1+1 форматы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да бір жыл оқу + CityU-да бір жыл) іске асыру туралы меморандум жасалды.

Анықтама үшін:

2024-2025 оқу жылында 120 білім беру гранты, бакалавриат үшін - 100, магистратура үшін - 20 грант бөлінді.

Қ.И. Сәтбаев атындғы ҚазҰТЗУ шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп ЖИ саласында бірқатар қос дипломды бағдарламаларды енгізді. Негізгі серіктес - City University of Hong Kong (CityU).

3. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде            (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) 2024 жылғы желтоқсанда тау-кен металлургия саласы үшін ЖИ-жүйелерін әзірлеу бойынша «Өнімді инновацияларды ынталандыру» гранттық бағдарламасы шеңберінде «Industrial AI» құзыреттілік орталығы құрылды.

2024-2025 оқу жылынан бастап «Көліктік машина жасаудағы смарт-технологиялар мен жасанды интеллект» инновациялық ББ іске асырылуда. 24 адам, оның ішінде грант бойынша 9 адам, ЖАО гранты есебінен 9 адам білім алуда.  

2025-2026 оқу жылында University Alliance of Science and Technology компаниясымен бірлесіп әзірленген «Жасанды интеллект» жаңа ББ бойынша қабылдау басталады, ол қызметтің әртүрлі салаларында күрделі міндеттерді шешуге қабілетті жасанды интеллект саласында терең білімі мен дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

ЖОО-лар ЖИ-мен байланысты пәндер тізбесін кеңейтуді жалғастыруда. Бакалавриатта машиналық оқыту, математикалық модельдеу бағдарламалары, ал магистратура мен докторантурада үлкен деректерді талдау, өнердегі цифрлық құралдар және жасанды интеллектіні қолданудың этикалық аспектілері бойынша курстар пайда болады.

Бүгінгі таңда 20 жоғары оқу орны «Қолданбалы жасанды интеллект», «Жасанды интеллект және блокчейн инженериясы», «Кибернетика және ЖИ», «Медицинадағы ЖИ», «Жасанды интеллект және деректерді талдау», «Көліктік машина жасаудағы смарт технологиялар мен жасанды интеллект», «Компьютерлік ғылым және жасанды интеллект», және т.б. ЖИ бойынша 25 жаңа ББ енгізді.

Анықтама үшін: ББ деректері бойынша 2196 адам оқиды, оның ішінде 2091 бакалавр, 82 магистрант және 23 докторант.

Түлектер Python-да бағдарламалау, кітапханалармен және құрылымдармен жұмыс (TensorFlow, Keras, PyTorch), деректерді талдау және визуализация (Pandas, NumPy, Matplotlib, Seaborn), табиғи тілді өңдеу (NLP), үлкен деректер мен дерекқорлармен жұмыс (SQL, NoSQL), ЖИ шешімдерін бизнес-процестерге интеграциялау, нейрондық желілерді әзірлеу және енгізу, ЖИ-ді қолдана отырып процестерді автоматтандыру және т.б. дағдыларға ие болады.

Анықтама үшін: IT-салада 43 кәсіби стандарт әзірленді.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) Киев ұлттық құрылыс және сәулет университетімен (Украина) бірлесіп жобалық тәсіл мен ЖИ технологиясын пайдалана отырып, «Жасанды интеллект» бірлескен ББ-ны әзірледі.  2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап осы ББ бойынша кадрлар даярлау жүргізілуде. Қабылдау 40 адамды құрайды, оның ішінде 31 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша.

Сонымен қатар, ЖОО-лар ЖИ саласындағы зерттеушілерді дәрістер оқуға, семинарлар өткізуге және ғылыми жобаларға басшылық жасауға шақырады.

Тұтастай алғанда ЖИ бойынша сертификаттары бар ПОҚ саны 3000-нан астам адамды құрайды, оның ішінде 1000-нан астамы ЖИ бойынша Курсер платформасында курстардан өтті.

 

COURSERA

2023 жылы Министрлік Coursera-мен серіктес болды, Бұл бизнес, компьютерлік ғылымдар, деректер туралы ғылым, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, әлеуметтік ғылымдар, физика ғылымдары және инженерлік іс, өнер және гуманитарлық ғылымдар, жеке даму, тілдерді үйрету, математика және логика сияқты әртүрлі салаларда студенттерді даярлау үшін кәсіби сертификаттар мен курстарды енгізуге мүмкіндік берді.

Жалпы екі жыл ішінде 140 мыңға жуық студент 237 мыңнан астам сертификат алды.

Анықтама үшін: Coursera платформасында студенттер 12 мыңнан астам онлайн-курстарға қол жеткізе алады, оның ішінде студенттер 4700-ге жуық түрлі курстарды аяқтады, бұл платформада қолжетімді курстардың 40%-ын құрайды, оның ішінде мынадай курстар ерекше танымал: «Programming for Everybody (Getting Started with Python)» - 2706 сертификат, «Learning how to Learn: powerful mental tools to help you master tough subjects» - 2669 сертификат, «Барлығына арналған Жасанды Интеллект (ЖИ)» - 2118 сертификат, «Introduction to Microsoft Excel» - 2104 сертификат.

Сонымен қатар, екі жыл ішінде 4,5 мыңға жуық студент ЖИ, машиналық оқыту, тереңдетіп оқыту, компьютерлік таным, табиғи тілді өңдеу, генеративті ЖИ және оларды нақты салаларда қолданудың түрлі аспектілерін қамтитын 225 курс бойынша 5 344 сертификат алды.

Сондай-ақ, 2024 жылы Coursera платформасы ректорларға, проректорларға, декандарға, кафедра меңгерушілеріне және жоғары оқу орындарының басқа да қызметкерлеріне генеративті ЖИ жұмысының негізгі қағидаттары мен оның мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейтуге керемет тегін мүмкіндік берді, бұл жоғары білім беру және зерттеу менеджменті саласында тиімді стратегиялық және операциялық шешімдер қабылдауға ықпал етті.

2024 жылы 959 ЖОО басшылары «Университет көшбасшыларына арналған генеративті ЖИ» курсын сәтті аяқтады (generative AI for University Leaders). Олардың ішінде 50-ден астам ректорлар мен проректорлар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің 900-ден астам басшылары бар.

2025 жылға 95 ЖОО-ға 36 890 лицензия берілді. Бүгінгі таңда 63 786 студент Coursera платформасына қосылды және студенттердің 93,8%-ы (59 888) 1 немесе одан да көп курстарды аяқтады.

 

HUAWEI

Huawei компаниясымен ынтымақтастық аясында 48 АКТ Академиясы, оның 7-і 2024 жылы ашылды. ЖОО базасында 100-ден астам жаттықтырушы даярланды және компания бағдарламалары бойынша 1000 студент сертификатталды.

Корпорацияның жергілікті және халықаралық АКТ жарыстарына 6000-нан астам студент қатысты.

Сондай-ақ, Huawei ЖИ бойынша 3 курсты локализациялады: АКТ академиясының студенттеріне арналған 2 кәсіби курс және барлық тілек білдірушілерге арналған 1 жалпы курс.

        

NVIDIA

NVIDIA компаниясымен ынтымақтастық аясында 12 техникалық ЖОО-ның өкілдері NVIDIA-ның түрлі курстары мен семинарларынан өтеді.

         NVIDIA компаниясы бірнеше негізгі бағыттарды қамтитын білім беру ұсыныстарын ұсынады, олардың бірі Тереңдетіп оқыту институты (DLI).

Қатысушылар NVIDIA-ның тегін курстарынан өте алады, сонымен қатар DLI Ambassador program бағдарламасынан өтуге өтініш бере алады. Бұл бағдарламаны таңдаған және сәтті аяқтаған жағдайда, қатысушылар NVIDIA DLI амбассадорлары атанады, DLI Ambassador сертификатын алады және студенттерді сертификатталған курстарда NVIDIA графикалық инфрақұрылымымен жұмыс істеуге тегін оқыта алады.

Бүгінгі таңда DLI Ambassador сертификаттарына ие болып, NVIDIA компаниясының амбассадорлары атанғандар:

1) Олжаев Олжас Муратович – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің математикалық компьютерлік модельдеудің аға оқытушысы. «Accelerating Data Engineering Pipelines» курсын аяқтаған.

Бүгінгі таңда 7 семинар өткізді, 160 студент «Accelerating data engineering pipelines» курсы бойынша сертификаттар алды. Нәтижелері бойынша NVIDIA-дан DLI Platinum Tier деңгейіне ие болды.

2) Кенжебек Ержан Галымжанулы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы. «Data Parallelism: How To Train Deep Learning Models on Multiple GPUs» курсын аяқтаған.

Сонымен қатар, «Fundamentals of Deep Learning» курсы бойынша оқып, қазір сертификат алу кезеңінде. Жақын арада студенттерді оқытуды бастауды жоспарлап отыр.

3) Ахметов Искандер – Доцент, Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің деректерді өңдеу зертханасының үйлестірушісі. «Building Conversational ai Applications» курсын аяқтаған. Студенттерді оқытуды жақын арада бастауды жоспарлауда.

4) Маткаримов Бахыт Турганбаевич – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жасанды интеллект технологиялары кафедрасының профессоры. «Fundamentals of Deep Learning» курсын аяқтаған.

Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Ашимова Молдир Ерболатовна NVIDIA оқыту воркшопы аясында «Тереңдетіп оқыту негіздері» курсын орындауда құзыреттілігін көрсетті. Бүгінгі таңда DLI Ambassador бағдарламасына дайындық жүріп жатыр.

 

GOOGLE

ҒЖБМ мен Google-нің бірлесуімен еліміздің 15 жоғары оқу орнынан 5000 студентке арналған GenAI курстары аяқталды. Курстар практикалық білімі бар модульдер мен блоктардан, бейне сабақтардан, сондай-ақ әр блоктың соңында тесттерден тұрады.

(Қарағанды индустриялық университеті, Ualikhanov University, Zhubanov University, SDU University, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Нархоз университеті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ, ҚБТУ, Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты, Astana IT University, Shakarim University, Yessenov University , Toraighyrov University, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).

Сондай-ақ ҒЖБМ мен Google Google шешімдерінің Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне сәйкестігін бағалау үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-да пилоттық жобаны іске қосты.

Google Workspace for Education – студенттер мен оқытушылар үшін оқу үлгерімін жақсартуға және оқу процесін жеңілдетуге көмектесетін бұлтты құралдар.  

         Жобаға Gemini AI бағдарламасы бойынша 1000 студент пен 100 магистрант қатысады.

 

Жасанды интеллект саласындағы ғылыми орталықтар

        

Министрлік шетелдік серіктестермен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп жасанды интеллект орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізуде.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде гранттық бағдарлама аясында «Industrial AI» құзыреттілік орталығы ашылды. «Көліктік машина жасаудағы смарт-технологиялар және ЖИ» бағдарламасы іске асырылуда. 2025 жылдан бастап University Alliance of Science and Technology-мен бірлесіп әзірленген жаңа «Жасанды интеллект» бағдарламасы іске қосылуда. Орталықтың негізгі бағыты – өнеркәсіп, көліктік машина жасау, құрылыс.

Қазақ-Британ техникалық университетінде Ақпараттық технологиялар бойынша құзыреттілік орталығы, «Суперкомпьютерлік технологиялар және БҚ» ұлттық зерттеу зертханасы, сондай-ақ IT бойынша ірі ғылыми-білім беру орталығы құрамындағы мехатроника, робототехника және мультимодульдік ЖИ-шешімдер зертханалары жұмыс істейді. Негізгі бағыт - өнеркәсіп, робототехника, мехатроника, АТ.

Astana IT University-де ЖИ және өндірісті цифрландыру саласындағы шешімдерді әзірлеуге және енгізуге бағытталған «Industry 4.0» ғылыми-инновациялық орталығы жұмыс істейді. Орталық цифрлық ұқсастықтарды құру, өндірістік процестерді автоматтандыру және өнеркәсіпке ЖИ-технологияларды енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады.

Назарбаев Университетінде медициналық робототехника және ЖИ саласындағы технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысатын Медициналық робототехника құзыреті орталығы (CEMRR) құрылды. Орталық экзоқаңқаларды, терапияға, диагностикалық және оңалту жүйелеріне арналған роботталған платформаларды жасауға маманданған. CEMRR Назарбаев университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің құрамында жұмыс атқарады, оның қызметі озық ЖИ-технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтаудағы инновацияларды дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, Министрлік медициналық жоғары оқу орындарымен және салалық мемлекеттік органмен ауруларды диагностикалау, болжау және медициналық деректерді талдау үшін ЖИ шешімдерін әзірлеуге және енгізуге бағытталған денсаулық сақтау саласында жаңа ЖИ орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ақпараттық технологиялар факультеті ашылды (2018 жыл). Оның құрамында ЖИ және ауқымды деректерді талдау саласындағы мамандарын даярлау үшін «Жасанды интеллект және ауқымды деректер» кафедрасы жұмыс істейді. Сондай-ақ университетте ректордың 2024 жылғы 10 қаңтардағы №10 бұйрығы негізінде Ғылыми кеңестің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №4 шешімі бойынша ашылған,    ЖИ-ді қолдана отырып, зерттеулер жүзеге асырылатын З. Жаңабаев атындағы «Data Science in Astrophysics» ғылыми-зерттеу орталығы қызмет атқарады.

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ұжымдық пайдаланудың Ұлттық ғылыми зертханасы құрылған. Зертхананың негізгі бағыттарына машиналық оқыту, компьютерлік таным, өнімділігі жоғары есептеу, параллельді бағдарламалау, цифрлық ұқсастықтар және басқалар жатады. Зертхананың инфрақұрылымы ең жоғары қуаты 10 TFLOPS (112 түйін) кластерді қамтиды. Университет қолданбалы зерттеулерге ЖИ-ді белсенді түрде енгізеді және экологиялық мониторинг пен финтехте шешімдерді әзірлеу бойынша ұлттық жобаларға қатысады. 2025 жылы Agibot-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен (SeoulTech) бірлесіп Жасанды интеллект мектебі ашылды. Оқыту ағылшын тіліндегі бағдарламалар бойынша жүргізіледі, оқытудың гибридті моделі енгізілген. 2024-2025 оқу жылында 100 грант бөлінді. 2025 жылдан бастап 2+2 моделі бойынша «AI Architect» және «Data Management» бағыттары бойынша қос диплом бағдарламасы іске қосылады.

Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы ғылыми-техникалық базаны дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан-Қытай ғылым және технологиялар трансфері орталығын, сондай-ақ Кеңістіктік-уақытша жасанды интеллект пен орнықты дамудың халықаралық бірлескен зертханасын құру жөніндегі жобаны іске асырды.

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Алматы қаласында жоғарыда аталған орталықты құру туралы меморандумға ресми түрде қол қою рәсімі өтті. Зертхана Чжэцзян технологиялық университетімен (ZJUT, Қытай) және Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары технологиялық компанияларымен серіктестікте құрылған. Зертхана Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде ауқымды деректерді талдауда, модельдеуде, табиғи қауіптер (су тасқыны, құрғақшылық, жер сілкінісі) тәуекелдерін болжауда және басқаруда ЖИ-ді жедел әрі тиімді қолдануды қамтамасыз етеді. Deepseek базасында құрылған қазақстандық DeepBas зияткерлік жүйесі су тасқынын, логистиканы, энергетиканы, ауыл шаруашылығын және ресурстарды ақылмен басқару үшін ЖИ

Қарағанды университетінде П.ғ.к. Д.А. Казимованың жетекшілігімен «Жоғары білім беру жүйесінде бейімделген дербестендірілген оқытуды іске асыруға арналған жасанды интеллект технологиялары» гранттық жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – «Интеллектуалды тьютор» интеллектуалды бейімді білім беру платформасын жоғары білім беруді дербестендіру құралы ретінде әзірлеу үшін жасанды интеллект технологияларын ғылыми-теориялық негіздеу және қолдану. Бұл платформа білім алушылардың деңгейін, жеке ерекшеліктері мен мақсаттарын ескере отырып, білім алушылардың дербестендірілген білім траекторияларын қалыптастыруға, сондай-ақ оқытушылардың әдеттегі міндеттерін автоматтандыруға, жұмыс тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.«Интеллектуалды тьютор» интеллектуалды бейімді білім беру платформасының модульдерін жобалау, әзірлеу бойынша: Пәндік сала модулі, Оқытушы модулі жүзеге асырылды; пән бойынша білім беру контентін іріктеу және дайындау алгоритмі анықталды. ЖИ негізінде «Интеллектуалды тьютор» интеллектуалды бейімді білім беру платформасының модульдері жобаланып, әзірленді. Аталған нейрожелі оқытушы жүктейтін материалдар негізінде күрделілік деңгейлері бойынша конспектілер генерациясын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, студенттердің тақырыптар мен күрделілік деңгейлері бойынша оқу нәтижелерін тексеру үшін практикалық тапсырмалар мен тапсырмаларды құру мүмкін болады.