Бұл университеттік білімнің екінші деңгейі.
Магистратурада даярлық жоғары білім беру базасында екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: ғылыми-педагогикалық және бейінді.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратурада оқу бағдарламасы 2 жылға немесе 120 ESTC-ке есептелген.
Алынған дәреже бітіруші түлектерге жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істеуге, оқытумен және зерттеу қызметімен айналысуға мүмкіндік береді.
Бейіндік бағыт бойынша магистратурада оқу бағдарламасы 1 жылға немесе 60 ESTC-ке есептелген.
Алынған дәреже бітіруші түлектерге экономиканың түрлі салаларында менеджер болуға мүмкіндік береді.
Магистратурада оқу қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады, жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Магистратура бағдарламалары күндізгі форматта меңгеріледі.
Магистратурадағы оқу жылы 2 семестрге бөлінеді. Әр семестр 15 аптадан тұрады. Семестр емтихандармен аяқталады. Семестрлер арасында каникул белгіленеді. Оқу жылы ішіндегі демалыстың жалпы ұзақтығы, бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 7 аптаны құрайды.
Келесі оқу курсына өту үшін магистрант жылдық жеке оқу жоспарын толығымен орындап, барлық емтихан пәндері мен практикалары бойынша оң баға алуы қажет.
Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық, практикалық және зерттеу дайындығынан тұрады.
Оқу процесінде магистрант өзінің оқу траекториясын дербес қалыптастыруға, оқу пәндерін және магистрлік диссертацияның зерттеу бағытын таңдауға мүмкіндігі бар. Жетістіктері зор магистранттарға академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға және семестр бойы қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік беріледі.
Соңғы курста магистрант диссертациясын қорғайды. Бағдарламаны сәтті игерген жағдайда бітіруші түлек магистр дәрежесін алады. Ол оған жоғары оқу орнынан кейінгі білімді талап ететін барлық лауазымдарды атқаруға, сондай-ақ докторантураға түсуге құқық береді.
Академиялық күнтізбе
Ағымдағы оқу жылы
Қабылдау комиссиясының сайтына өтіңіз