QS Sustainability Rankings - 2026
QS Sustainability Rankings — бұл университеттердің тұрақты дамуға қосқан үлесін бағалайтын халықаралық рейтинг. QS Sustainability rankings 2026 қорытындысы бойынша университет 108 елден қатысқан 1994 жоғары оқу орнының ішінде 1301-1400 диапазонында орын алды. www.topuniversities.com
АРТА: ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГІСІ – 2023
2023 жылғы Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің нәтижелері бойынша Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 4-ші орынды иеленді.
Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «Жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингісін» өткізіп келеді iaar.agency
«АТАМЕКЕН» ҰКП БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІСІ – 2024
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жыл сайын қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізеді. 2024 жылғы «Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 8 білім беру бағдарламасы үздік үштікке енді. atameken.kz
2024 жылғы «Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 8 білім беру бағдарламасы үздік үштікке енді. atameken.kz
QS Stars
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті QS Stars бағдарламасы аудитінің нәтижесі бойынша 4 жұлдыз алды. QS Stars - әлемдегі ең беделді университет рейтингтерінің бірі болып саналатын QS WUR негізін қалаушы Quacquarelli Symonds рейтингтік жүйесі.
Сертификат
QS ASIA – 2026
QS Asia 2026 рейтингінің нәтижелері бойынша академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті он индикатор бойынша нәтижелерді жақсарта отырып, Азия университеттері арасында 181-ші орынға ие болды. Азия рейтингіне енген 44 қазақстандық жоғары оқу орны ішінде біздің университет үздік жоғары оқу орындарының ондығына кіреді. www.topuniversities.com
QS WORLD UNIVERSITY RANKING – 2026
QS World University Rankings 2026 нәтижелері бойынша академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 901+ позициясын иеленді. Рейтинг аясында 106 елден 8467 университет бағаланып, олардың ішінен 1501 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке енгізілді. www.topuniversities.com
БСҚТА: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ұлттық рейтинг көшбасшыларының үштігіне кірді.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) рейтингінің қорытындысы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасында 3-орынды иеленді. Рейтинг әдістемесі келесі көрсеткіштерді қамтиды: академиялық қызмет және жұмысқа орналасу нәтижелері, сараптамалық бағалау, жұмыс берушілердің беделі, студенттерді бағалау және түлектерді бағалау.
ЖАҺАНДЫҚ БІРІКТІРІЛГЕН РЕЙТИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ – 2022
2022 жылғы Жаһандық біріктірілген рейтинг нәтижелері бойынша Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті әлемнің үздік университеттерінің ТОП 10%-на кірді.
Жаһандық біріктірілген рейтинг QS және THE сияқты әлемдік рейтингтерді қамтитын аса беделді 12 жаһандық институционалды рейтинг бойынша, сонымен қатар DEQAR аккредиттелген бағдарламаларының еуропалық мәліметтер базасының көрсеткіштері бойынша сараланған жоғары білім беру ұйымдарының жіктелуін білдіреді.
2022 Жаһандық біріктірілген рейтинг 2021 жылғы рейтингтердің нәтижелері бойынша жасалды. Бұл рейтингте 124 ел мен 3382 жоғары оқу орны ұсынылған best-edu.ru