1938 Қарағанды мұғалімдер институтының ашылуы
1952 Қарағанды мұғалімдер институты Педагогикалық институт болып қайта құрылды
1972 Педагогикалық институт Қарағанды мемлекеттік университеті болып қайта құрылды
1992 Қарағанды мемлекеттік университетіне академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің есімі берілді
2024 Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді
2025 Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетіне ұлттық мәртебесі берілді
Қарағанды мұғалімдер институтына алғашқы жылы бар болғаны 117 студент қабылданды. Оқу орны тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша мұғалімдер даярлады. Институтта төрт кафедра жұмыс істеді: марксизм-ленинизм, педагогика, тіл және әдебиет, тарих кафедралары. Оқытушылар құрамына ҚарЛАГ-тен босатылған, революцияға дейінгі педагогикалық тәжірибесі бар тарихшылар мен филологтар кірді. Дәл осы ұстаздар мен олардың шәкірттері өңірдегі жоғары білімнің іргетасын қалады. Институттың алғашқы кітапханасы Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институты сыйға тартқан 7 000 кітаптан тұрды. Ал оқу орнының алғашқы басшысы бұрынғы орта мектеп директоры Р. Р. Репалова болды.
Қарағанды педагогикалық институтында сегіз кафедра жұмыс істеді: марксизм-ленинизм негіздері, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, педагогика және психология, физика және математика, химия және биология, дене тәрбиесі.
Институтта 82 оқытушы еңбек етті, олардың арасында бір ғылым докторы мен 16 ғылым кандидаты болды. Ректор қызметіне математик С. Б. Баймурзин тағайындалды. Алғашқы түлектер саны 318 адамды құрады.
1958 жылы институт оқытушыларының ғылыми еңбектері топтастырылған «Ученые записки» атты алғашқы жинақ жарық көрді.
1962 жылы төрт кафедрада аспирантураның алғашқы бағдарламалары ашылды. Олар – орыс және шетел әдебиеті, педагогика және психология, химия және зоология кафедралары.
1970-жылдардың басында Қарағанды педагогикалық институты жоғары оқу орындарының бірінші санатына енді. Сол кезеңде институт құрамында 22 кафедра, 6 факультет және 5 440 студент болды. Осы жылдары оқу орнында 890 маман даярланып шықты.
1972 жылдың наурыз айында Қарағанды мемлекеттік университетінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды шараға белгілі қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов қатысты. Университеттің алғашқы ректоры болып техника ғылымдарының докторы, профессор Евней Арыстанұлы Бөкетов тағайындалды.
Евней Арыстанұлының басшылығымен университеттің заманауи материалдық-техникалық базасы құрылып, ғылыми инфрақұрылымы қалыптасты. Ол АҚШ, Канада, Австралия, Швеция, Финляндия, ГДР, Италия және Жапонияда патенттелген 200-ден астам ғылыми еңбектің, 9 монография мен 90 ғылыми өнертабыстың авторы болды. Еліміздің ғылым мен жоғары білім саласының дамуына зор үлес қосты.
1991 жылы университетке академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтың есімі берілді.
Е.А.Бөкетов туралы көбірек білу
1990-жылдары академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дамуында жаңа белес басталды. Бұл кезеңде оқу орнында жаңа факультеттер мен мамандықтар ашылып, магистратура жүйесі енгізілді. Студенттер контингенті 20 мың адамға дейін артты. Осы жылдары университет құрамына Педагогикалық мемлекеттік институт қосылып, оқу орнының құрылымдық ауқымы кеңейді. Нәтижесінде университетте 14 факультет пен 72 кафедра жұмыс істей бастады. Университеттің реформалық бағытта дамуына 13 жыл бойы ректор қызметін атқарған профессор Жамбыл Саулебекұлы Ақылбаев үлкен үлес қосты. Оның басшылығы кезеңінде оқу орнының материалдық-техникалық базасы нығайып, ғылыми және оқу үдерістері жаңа деңгейге көтерілді.
Әр жылдары университетке түрлі ғылым салаларының көрнекті өкілдері жетекшілік етті. Атап айтқанда, химия ғылымдарының профессоры Зейнолла Молдахметұлы Молдахметов, биология ғылымдарының профессоры Айтқожа Биғалиұлы Биғалиев, құқық ғылымдарының профессоры Еркін Қинаятұлы Көбеев, және химия ғылымдарының профессоры Азамат Тіржанұлы Едірісов университет ректорлары ретінде еңбек етті.
2020 жылдан бастап университеттің Басқарма төрағасы – ректоры қызметін заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков атқарып келеді.
Университет тарихынан көбірек білу
2003 жыл– университетте кредиттік оқыту жүйесі мен магистратура институты енгізіле бастады.
2004 жыл– шетелдік жоғары оқу орындарынан қонақ дәрісшілерді шақыру тәжірибесі алғаш рет жүзеге асты. Университет Орталық Азия менеджментті дамыту қорының құрамына енді.
2005 жыл– университет Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып, Болонья қаласында қабылданған Университеттердің Ұлы хартиясына (Magna Charta Universitatum) қол қойды. Сол жылы ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілді (сертификаттаушы ұйым – швейцариялық SGS компаниясы). Сонымен қатар, университет Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып EFMD қорының қатысуымен экономикалық мамандықтарды халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті. Университет жанынан колледж ашылды.
2006 жыл– университет Еуропалық одақтың Erasmus Mundus қоры қаржыландырған Еуропалық университеттердің білім беру консорциумының алғашқы грантын иеленді. Сырттай оқу бөлімінде қашықтықтан оқыту технологиясы енгізілді. Сол жылы университет түлектері алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленіп, әлемнің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды.
2007 жыл– университет Білім беру сапасын қамтамасыз етудің Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің рейтингісінде алғаш рет елдегі үздік үш жоғары оқу орнының қатарына енді. Университет PhD докторларын даярлау жөніндегі республикалық эксперименттік бағдарламаға қатысып, 2011 жылы алғашқы PhD түлектерін шығарды. Сол жылы академик Е.А. Бөкетовке арналған ескерткіш орнатылды. Студенттік «Жарқын» халық би ансамблі Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпазы атанды, ал университеттің КВН командасы «КИВИН-2007» халықаралық фестивалі мен Халықаралық КВН одағының жоғары лигасында өнер көрсетті.
2008 жыл– университет көптілді білім беру бағдарламасын енгізуді бастады және Қазақстандағы «Көптілді білім беру тұжырымдамасын» әзірлеуге қатысты. 2012 жылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алған көптілді топтардың алғашқы түлектері дайындалды. Университет Қашықтықтан оқытудың жаһандық университеттері қауымдастығының және «Сібір ашық университеті» қауымдастығының мүшелігіне өтті. Сол жылы магистранттар Erasmus Mundus және DAAD бағдарламалары арқылы Еуропалық жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігін алды.
2009 жыл– университет іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін 10 ғылыми грантқа ие болды. «Физикалық-химиялық зерттеу әдістері» атты инженерлік зертхана ашылып, 2010 жылы аккредитациядан өтті. Бұл зертханаға ауа, су және топырақ сапасын талдау құқығы берілді. Университеттің Жас ғалымдар кеңесі ҚР Тұңғыш Президенті қорының үздік бестігіне енді. Сонымен қатар, университет жанынан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды.
2010 жыл – университет алғаш рет QS World University Rankings әлемдік рейтингіне еніп, 601-орынға ие болды. «Электрондық университет» жобасы іске қосылды.
2011 жыл – университет Қазақстанның инновациялық бағыттағы жетекші 10 жоғары оқу орнының қатарына енді. «Физикалық-химиялық зерттеу әдістері» зертханасы толық аккредиттелді.
2012 жыл – университеттің «Физика», «Химия», «Экономика» мамандықтары ACQUIN (Германия) институтының халықаралық аккредитациясынан өтті. Университет алғаш рет Webometrics әлемдік рейтингіне енді. Наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласында PhD диссертациялық кеңес ашылды. Сонымен қатар, университет базасында Француз альянсы өкілдігі ашылып, Британ кеңесімен ынтымақтастық орнады. Студенттер арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы басталды.
2013 жыл – университет Назарбаев Университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды және дуальді оқыту бағдарламаларын енгізді. Университет 2 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын игерді. Сол жылы білім беру және ғылыми қызметі үшін «Алтын сапа» мемлекеттік дипломымен марапатталды.
2014 жыл – университет Еуропалық университеттер қауымдастығының мүшесі атанды. Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы ашылды. Ғалымдар астық ылғалдылығын өлшеуге арналған аспаптың тәжірибелік партиясын жасап шығарды. Сонымен қатар, химия факультетінің ғалымдары жол битумын алу технологиясын әзірлеп, алғашқы өндірістік келісімшарт жасасты.
2015 жыл – университетте «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі 335 млн теңгеге жетті. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижесінде университет Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында бірінші орын алды. «3D технологиялар» зертханасы ашылды, ал 15 оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленді.
2016 жыл – университет археологтары сақ дәуіріне дейінгі бірегей жерлеу кешенін, яғни «Қазақстан пирамидасын» ашты. Бұл жаңалыққа әлем ғалымдары ерекше қызығушылық танытты. Сол жылы университет базасында ЕҚЫҰ мен шетелдік елшіліктер қатысуымен «Қазіргі қоғамдағы тілдік білім беру» халықаралық ғылыми форумы өтті.
2017 жыл – университетте бірқатар мамандықтар бойынша PhD диссертациялық кеңестер ашылды. Жастар кәсіпкерлігі орталығы құрылды. Химия факультетінің ғалымдары биоотынның тәжірибелік үлгісін жасап, бес жобаны EXPO–2017 көрмесіне ұсынды. Университет Springer Nature компаниясы атынан «Қазақстанның ең танымал ғылыми ұйымы» деп танылды.
2018 жыл – IT-құзыреттілік орталығы және қызмет көрсету орталығы ашылды. «Қарағанды университетінің хабаршысы» журналының барлық сериясы ҚР БҒМ басылымдар тізіміне енді.
2019 жыл – университет «Қазақмыс корпорациясымен» бірлесіп, Қарағайлы байыту фабрикасының қалдықтарынан сирек металдарды алу технологиясын әзірледі. Сондай-ақ, университет аумағында «Жастар аллеясы» ашылып, коворкинг орталығы, футбол алаңы және демалыс аймақтары пайдалануға берілді.
2020 жыл – университет Global Preferred Associate Network (ETS Europe) мүшелігіне өтті және өңірдегі жалғыз TOEFL емтихан орталығын ашты. Әскери кафедра жұмысын бастады. Университеттің 2020–2025 жылдарға арналған интернационалдандыру стратегиясы бекітіліп, 150-ден астам шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік орнатылды.
2021–2022 жылдары университетте тәуекелдерді басқару саясаты енгізілді. Сол жылы «Қарағанды университетінің хабаршысы. Химия сериясы» журналы Scopus базасына енді. Қазіргі таңда университеттің 5 ғылыми журналы Scopus және Web of Science базаларында индекстеледі.
2021 жылы университет «Karaganda Buketov University» брендімен ребрендинг процесін бастап, жаңа логотипін ҚР Әділет министрлігінде ресми тіркеді. Сондай-ақ, «Мықты өңірлік жоғары оқу орындары» жобасы аясында университет академиялық артықшылық орталығы мәртебесіне ие болды. Баламалы энергетика бойынша зерттеулер жүргізу үшін «Баламалы энергетика орталығы» құрылды.
2022 жыл университет QS World University Rankings рейтингінде өз орнын 801+ деңгейіне көтерді. Бұл жетістік профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыру, ғылыми жарияланымдар санын көбейту және шетелдік студенттер санын ұлғайту бағытындағы нәтижелі жұмыстың жемісі болды.
2022-2023 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 57 студент Польша, Ресей, Беларусь және Түркия университеттерінде білім алды. Сонымен қатар, 309 студент еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында ішкі академиялық ұтқырлық бойынша оқыды. Қытай және Орталық Азия университеттерімен 8 халықаралық жоба жүзеге асырылды, сондай-ақ 5 бірлескен білім беру бағдарламасы, оның ішінде 2 қос дипломды бағдарлама енгізілді.
Қарағанды университеті – жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам. Университеттің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Басқару құрылымына Жалғыз акционер (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі), Директорлар кеңесі және Басқарма кіреді. Басқарма төрағасы Ректоры – заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков.
Университетті Еуропалық EQAR жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктері тізіліміне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №1 Ұлттық тізіліміне кіретін Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік аккредиттеген.
Қарағанды университеті ұлттық аккредиттеу агенттіктері – БСҚТА және АРТА тұжырымдары бойынша еліміздің жоғары білім беру көшбасшыларының алғашқы бестігінде.
Университетте бакалавриат, магистратура және PhD докторантура деңгейлерінде кадрлар даярланады. Сонымен қатар, университет қабырғасында ғылыми дәрежелер беру жөніндегі диссертациялық кеңестер жұмыс істейді.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шетелдік және отандық агенттіктер, шетел елшіліктері, салалық білім беру қауымдастықтары, университеттер мен колледждер оқу орнының бірлескен ғылыми және гранттық жобалардағы серіктестері ретінде әрекет етеді.
Қарағанды университеті жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам болып табылады. Университетті басқаруды Жалғыз акционер (ҚР БҒМ), Директорлар кеңесі, Басқарма жүзеге асырады. Басқарма төрағасы – университет ректоры заң ғылымдарының докторы, профессор Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы болып табылады.
Университетті Еуропалық EQAR жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің тізіліміне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №1 Ұлттық Тізіліміне кіретін Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік аккредиттеген.
Университет Ұлттық аккредиттеу агенттіктері – БСҚТА мен АРТА тұжырымы бойынша отандық білім беру көшбасшыларының бестігіне кіреді.
Университет бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторларын дайындайды.
Университете диссертациялық кеңестер жұмыс істейді.
Білім беру және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шетелдік және отандық агенттіктер, шетел елшіліктері, бейінді білім беру қауымдастықтары, университеттер мен колледждер бірлескен гранттық жобаларды іске асыруда университеттің серіктестері болып табылады.
Кампус
Университет аумағы 54,1418 га-ны құрайды
Факультеттер
Университетте 13 факультет пен 50 кафедра жұмыс істейді.
Білім алушылар
13926 адам, оның ішінде мемлекеттік білім беру гранты бойынша – 5817 адам.
Бакалавр студенттері: 12969 студент, оның ішінде мемлекеттік білім беру гранты бойынша – 7602 адам.
Магистранттар: 799 магистрант, оның ішінде мемлекеттік білім беру гранты бойынша – 533 адам.
Докторанттар: 158 докторант, оның ішінде мемлекеттік білім беру гранты бойынша – 157 адам.
Университет студенттері 13 елдің азаматтары болып табылады.
Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Германия, Израиль, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина.
Түлектердің жұмысқа орналасуы
Университет түлектерінің 85% оқуды аяқтағаннан кейінгі алғашқы үш ай ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.
Қызметкерлер
Университетте 1686 адам жұмыс істейді. Оқытушылардың жалпы саны 888 адамды құрайды. Олардың төрттен бір бөлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағалауы бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие.
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриатта
Дайындық бағыттары
28 бағыт бойынша:
Педагогикалық ғылымдар;
Өнер және гуманитарлық ғылымдар;
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат;
Бизнес, басқару және құқық;
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
Қызметтер.
Магистратурада
68 білім беру бағдарламасы бар, оның 16-сы инновациялық болып табылады.
Бағыттар
Даярлық 24 бағыт бойынша жүргізіледі:
Педагогикалық ғылымдар;
Гуманитарлық ғылымдар;
Әлеуметтік ғылымдар;
Құқық;
Жаратылыстану ғылымдары;
Техникалық ғылымдар және технологиялар;
Қызметтер.
Докторантурада
20 білім беру бағдарламасы бар, оның 3-уі инновациялық болып табылады.
Даярлық 10 бағыт бойынша жүргізіледі.
Педагогикалық ғылымдар;
Гуманитарлық ғылымдар;
Әлеуметтік ғылымдар;
Құқық;
Жаратылыстану ғылымдары.
Бағдарламаларды аккредиттеу
154 білім беру бағдарламасы, оның ішінде 7 жыл мерзіммен 10 бағдарлама.
Диссертациялық кеңестер
Сала:
Педагогикалық ғылымдар;
Гуманитарлық ғылымдар;
Әлеуметтік ғылымдар;
Құқық;
Жаратылыстану ғылымдары.
Ғылыми инфрақұрылым
Университетте 19 ғылыми құрылым жұмыс жасайды
Университеттің ынтымақтастық географиясы
Әлемнің 30 елі.
Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Польша, Франция, Түркия, Қырғызстан, АҚШ, Қытай, Әзербайжан, Румыния, Беларусь, Литва, Италия, Германия, Финляндия Республикасы, Тәжікстан, Венгрия, Украина, Чех Республикасы, Нидерланд, Словакия, Болгария, Моңғолия, Молдова, Латвия, Канада, Малайзия, Үндістан, Бельгия, Шотландия, Индонезия.
Ғылыми кітапхана қоры
электрондық кітапханада 1039607 мың кітап; 80 мың құжат
Қазіргі таңдағы Деректер мен Сандар
Университеттің миссиясы
Толығырақ>>
Толығырақ>>
Толығырақ>>
Толығырақ>>