ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
Бүгін Алматы қаласында «Ғылым ордасы» ғимаратында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті. Педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеу мен жұмысы үшін берілетін Ы.Алтынсарин атындағы премия ҚарҰЗУ стратегиялық даму жөніндегі проректор, PhD доктор, қазақ әдебиеті кафедрасының ассистент профессоры САРМУРЗИН ЕРБОЛ ЖАҢБЫРБАЙҰЛЫНА «Teacher status in Kazakhstan: Policy, leadership, and professional identity» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін берілді. 40 жасқа дейінгі дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия ғалым хатшысы, PhD доктор, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ философия және мәдениет теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры НҰРГҮЛ ТУТИНОВА ЕРҚАНАТҚЫЗЫ тағайындалды. Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Цифрлық экономика зерттеулер институтының директоры, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарЗУ-дың маркетинг кафедрасының қауымдастырылған профессоры ЛАРИСА ВЛАДИМИРОВНА ТАШЕНОВА атанды. Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия PhD доктор, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ғылыми қызметкері-постдокторанты КСЕНИЯ СЕРГЕЕВНА РОЖКОВА тағайындалды. «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2025» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша құрметті атаққа филология ғылымдарының докторы, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры ЖАНСАЯ ЖАНҒАЗЫҰЛЫ ЖАРЫЛҒАПОВ ие болды. «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2025» атағы педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ қолданбалы математика және информатика кафедрасының профессоры ДИНАРА АШУБАСАРОВНА КАЗИМОВАҒА берілді. «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2025» атағына PhD доктор, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ физикалық және аналитикалық химия кафедрасының доценті АҚМАРАЛ ЖАҚАНҚЫЗЫ САРСЕНБЕКОВА ие болды. «Үздік ғылыми қызметкер» атағы педагогика ғылымдарының докторы, профессор САЛТАНАТ ҚУАТҚЫЗЫ ӘБІЛДИНАҒА берілді! Университет ұжымы әріптестерімізді жоғары кәсібиліктің, ғылымға адалдықтың және зерттеу қызметін дамытуға қосқан зор үлестің айқын дәлелі болған лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды. Бұл жетістіктер жаңа ашылымдарға, батыл идеяларға және ауқымды жобаларға серпін берсін, ал мықты денсаулық пен сарқылмас қуат әрдайым серік болсын.

