МЕЙІРІМ МЕН БІРЛІКТІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ
6 ақпан күні академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Шетел тілдері факультетінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.Ізгілік пен жанашырлықты ту еткен бұл игі шараның басты мақсаты — В-жасушалық лимфома (агрессивті түрі) дертіне шалдыққан 11 жастағы Арлан Талғатұлы Түркеновке қолдау көрсету. Іс-шара барысында жиналған барлық қаражат баланың ем-домына бағытталады.Қайырымдылық жәрмеңкесі факультет ұжымының ауызбіршілігін, студенттер мен оқытушылардың мейірім мен жанашырлыққа негізделген ортақ құндылықтарын айқын көрсетті. Оқытушылар мен белсенді студенттер өздерінің арнайы әзірлеген бәліштері мен тәтті-дәмділерін ұсынды. Жиналған қауым бұл бастаманы жылы қабылдап, сауапты іске бір кісідей атсалысты.Факультет ұжымы ізгі іске үлес қосқан барша жанға алғыс білдіреді.