ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТІК

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында Сунгсин әйелдер университетінде (Women’s University of Sungshin) екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры Ербол Сармурзин бастаған делегация Сунгсин әйелдер университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжаттың басты мақсаты — білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейту.Кездесуде Қарағанды университетінің делегациясы «Қазақстандағы корейлердің мәдени-тарихи мұрасы» атты гранттық жоба негізінде дайындалған ғылыми еңбектер топтамасын тарту етті. Аталған басылымдар Сунгсин әйелдер университетінің басшылығына, сондай-ақ Ханген ұлттық университетіне және Сувон университетінің тарих ғылымдарының профессоры Пак Хванға табысталды.