Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің шет тілдер факультетінде кітапхана ашылды шет тілдер факультетінде жаңа кітапхананың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен шақырылған қонақтар қатысты.Салтанатты жиында университет ректоры құттықтау сөз сөйлеп, жаңа кітапхананың студенттер мен оқытушылар үшін маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, бұл кітапхана тек білім қазынасы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен мәдениеттің тоғысқан орталығы болмақ.Жаңа кітапхана қоры ғылыми және кәсіби бағыттағы әдебиеттермен толықтырылды. Мұнда тілдерді оқыту әдістемесі, аударма мәселелері, сондай-ақ ғылым мен білім беру саласындағы өзекті тақырыптарға қатысты еңбектер кеңінен ұсынылған.Кітапхана студенттердің шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға, пікір алмасуға, ұстаздарымен еркін қарым-қатынас жасауға қолайлы орта қалыптастырады. Сонымен қатар, ол көркем әдебиет әуесқойлары үшін де мәдени әрі зияткерлік кездесулердің сүйікті орнына айналатыны сөзсіз.