Конституция күні қарсаңында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Casual Buketov — 2025» PR-онкүндігі аясында флешмоб өтті. Флешмобқа Басқарма мүшелері, факультет декандары, оқытушылар мен қызметкерлер, 360-тан астам адам қатысты. Дәстүрге айналған шараның мақсаты — ұжымдық рухты нығайту, университеттің заманауи келбетін қалыптастыру және академиялық қауымдастықтың бірлігін көрсету. Іс-шара соңында PR-онкүндігіне арналған бейнероликтердің үздік авторлары мен белсенді қатысушылар марапатталды. Жеңімпаздарға университеттің имидждік сыйлықтарын тарту етті.