2025 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Цифрлық трансформация: ғылым мен білімнің жаңа стандарттарды қалыптастырудағы рөлі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Н.О. Дулатбеков қатысып, «Заң мен тәртіп – тұрақтылық пен прогрестің негізі» тақырыбында баяндама жасады.
Ректор өз сөзінде құқықтық жүйенің сапасы мемлекеттің даму көрсеткіштерінің басты бірі екенін атап өтті. Әділ сот және тиімді құқық қорғау жүйесі – елдің тұрақтылығы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі кепілі. Сол себепті заңгерлердің біліктілігін арттыру, құқықтық білімді дамыту және оны қазіргі заман талабына бейімдеу – ең маңызды міндеттердің бірі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалаудың маңыздылығын ерекше атап, «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы аясында әділдік пен заң үстемдігін басты бағыт етіп қойды. Бұл сот және құқық қорғау органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетеді», – деді Н.О. Дулатбеков.
Сонымен қатар ректор ғылым мен білімді цифрлық трансформация жағдайында дамытуға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілетінін айтты. Бұл қаражат зерттеушілерді ынталандыруға, ғылыми ізденістерді қолдауға, жаңа жобалар мен жаңалықтарды іске асыруға бағытталған. Ғылыми гранттар практикалық мәнге ие болып, алынған нәтижелерді қоғам мен кәсіби ортада тиімді қолдануға арналған.
Мысал ретінде Академк Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ғалымдары мен IT мамандары бірлесіп LEGALEXPERT.KZLEGALEXPERT.KZ цифрлық құқықтық көмек платформасын айтуға болады. Бұл жоба бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында әзірленіп, әділет министрлігінде, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінде, адвокаттар республикалық коллегиясында, сот әкімшілігінде, Astana Hub, Парламент Мәжілісі депутаттары мен ғылым және жоғары білім министріне таныстырылды. Жақында платформа Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевқа көрсетілді. Ол университеттің іске қосылған технопаркінде жобамен жеке танысып, оның қоғамдық және кәсіби құндылығын атап өтті.
Бұл жоба ғылым нәтижесінің қоғам практикасына еніп, халыққа да, кәсіби құқықтық қауымға да пайдалы әлеуметтік-құқықтық құралға айналуының айқын дәлелі болып отыр. Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар нақты көрсеткіштерге ие: әлеуметтік желілердегі құқықтық жарияланымдар саны, сотқа жүгіну динамикасы, мемлекеттік органдар мен әкімшілік соттарға түскен шағымдардың мазмұны – бұның бәрі азаматтардың Конституциялық сотқа жүгіну тәжірибесінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.
«Ғылым мен білім тек даму құралы ғана емес, жаңа сапалы мемлекеттік басқару, экономикалық тұрақтылық және әлеуметтік әл-ауқат қалыптастырудың негізі. Цифрлық трансформацияның сәттілігі ғалымдардың, оқытушылардың, студенттердің, бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін тиімді біріктіру арқылы бірегей цифрлық стандарттар жасауға және инновацияларды ілгерілетуге байланысты.
Алдағы міндеттер ауқымды, бірақ оларды тек тұрақты ғылыми орта, жаңартылған білім беру жүйесі және барлық қатысушылар арасындағы ашық диалог арқылы шешуге болады. Міне осылай елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп, адамға, білімге және әділдікке бағытталған цифрлық болашақ құруға болады», – деп қорытындылады Н.О. Дулатбеков.