Қарағанды Бөкетов университетінде жалпыуниверситеттік өзін-өзі басқару күні өтті. Іс-шара студенттердің жауапкершілігін, көшбасшылық қасиеттерін арттыру, тұлғалық дамуын қалыптастыру, ұйымдастырушылық қабілеттерін ашып, қоғамдық жұмысқа белсенді араластыру арқылы тәжірибе жинақтау, университеттің оқу-тәрбие жұмысына жан-жақты баулу мақсатында өткізілді. Студенттік Парламенттің алғашқы сессиясында Басқарма Төрағасы – Ректордың, Басқарма мүшесі, проректорлардың, декандардың қызметін атқарушы белсенді студенттер анықталды.