ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

DIGITAL BRIDGE 2025

Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің постдокторанты Абдрахманова С.Т. Digital Bridge 2025 халықаралық форумына қатысуда. Бұл қатысу «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру жобасы аясындағы зерттеу жұмысының маңызды кезеңі болып табылады.Жоба тақырыбы: AP25795511 – «Педагогтың ашық цифрлық білім беру ортасын жобалауда жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды іздеу жүйесінің моделін әзірлеу». Зерттеу жұмысы білім беру саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және интеллектуалды іздеу жүйелерін дамытуға бағытталған. Жас Ғалым Digital Bridge 2025 форумы – жобаның нәтижелерін кеңейтуге, халықаралық тәжірибе алмасуға және AI-инновацияларды білім беру кеңістігіне енгізуге жаңа серпін беретін маңызды алаң деп есептейді. Панельдік сессиялар мен презентациялар шеңберінде Қазақстан, Өзбекстан, БАӘ және басқа елдердің сарапшылары цифрлық платформаларды құру, үлкен тілдік модельдерді (LLM) енгізу, суперкомпьютерлік қуаттарды дамыту және AI-экожүйелерді қалыптастыру бойынша стратегияларды ұсынды.