ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

2023 жылдың 9 қаңтары мен 22 сәуірі аралығында 6В01101 «Педагогика және психология», 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламары бойынша оқитын 4 курс білім алушылары өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибеден өтті.

Іс-тәжірибе Қарағанды жоғарғы гуманитарлық колледжі, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі, Қазіргі заманғы көпсалалы колледж және «Жұлдыз», «Толағай», «Балақай», «Гаухар» бөбекжайлары, сондай-ақ екі жақты  жасалған келісім-шарт (университет - іс-тәжірибе базасы) негізінде білім алушылар таңдауы түскен білім беру ұйымдары базаларында ұйымдастырылды.  

15 аптаға созылған іс-тәжірибе мақсаты – білім алушылардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру, білім алушының жеке басының идеялық бағыттылығын қалыптастыру, педагогикалық ой-өрісін, жалпы мәдени деңгейін кеңейту болды.

Іс-тәжірибе соңында біздің бітіруші түлектерге «Тәрбиеші», «Психолог» қызметтеріне тұруға ұсыныстар түсті. Болашақ мамандарды іс-тәжірибеден өткізген білім беру ұйымдары кәсіби біліммен қаруланған, алғашқы кәсіби іскерлік, дағдылары қалыптасқан болашақ маман даярлаған «Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына алғыс білдірді.