ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қарағанды қаласы, Қарағанды облысының, оған іргелес өңірлердің жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 11 сынып оқушылары арасында Химия пәнінен ашық ХVII олимпиада

2025 жылдың 26 сәуірінде Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Химия факультетінің базасында, Қарағанды қаласы, Қарағанды облысының, оған іргелес өңірлердің жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 11 сынып оқушылары арасында Химия пәнінен ашық ХVIII олимпиада өтті. Олимпиада екі кезеңді қамтыды. Бірінші теориялық кезең есеп шығару түрінде өткізіліп, екінші кезеңде - эксперименттік тапсырмаларды орындады.
Әділ-қазылардың шешімімен олимпиада қорытындысы жарияланды.1 орын Михайлов Артем Владимирович – Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі, Қарағанды қ.;
2 орын Бақыт Әділжан Сағындықұлы – С.Саттаров атындағы мектеп-лицейі, Қарағанды қ.;
2 орын Сыздыков Абильмансур Маратович – Қ.А. Сағынов атындағы колледж-мектебі, Қарағанды қ.;
3 орын Мақсым Қымбат – Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Қарағанды қ.;
3 орын Майор Аружан Манарбекқызы – «№59 ЖББМ» КММ, Қарағанды қ.;
3 орын Маман Аружан Нұрлыбекқызы – Қарағанды облысы білім басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты КММ, Қарағанды қ.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!