ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Маркетинг» мамандығы бойынша ІІІ Халықаралық қашықтық олимпиадасы

2022 жылдың 14 наурызы мен 15 наурызы аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті, маркетинг кафедрасы, сонымен қатар цифрлық экономиканы зерттеу Институты сіздерді «Маркетинг» мамандығы бойынша ІІІ Халықаралық қашықтық олимпиадасының жұмысына қатысуға шақырады.

13 наурызға дейін халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің marketing_ksu@mail.ru электрондық мекенжайына нысан бойынша өтінім жіберуі қажет (Ереженің 1-қосымшасы).  Бір оқу орнынан 2 командадан артық қатысуға болмайды.

I тур «Стратегия»: әр команда медиа жарнамасының сапасын арттыру стратегиясын әзірлейді, «стратегия» Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін word құжаты (.doc, .docx) форматында 2022 жылдың 14 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің marketing_ksu@mail.ru электрондық мекенжайына жіберілуі тиіс.

II тур «Күнтізбе»: команда FMCG аймақтық өндіруші үшін күнтізбеге сәйкес ұйымдастырылған іс-шаралардың сипаттамасымен, 2022 жылдың наурыз айының жаңалықтарына сәйкес әзірленген күнтізбе ұсынады (акциялар, әлеуметтік желілер үшін фото және бейне контентті әзірлеу, жаңа өнімдерді шығару және т.б.). Күнтізбе инфографика+Microsoft PowerPoint мультимедиялық презентациясы форматындағы сипаты мен ерекшеліктері нақтыланған іс-шаралардың жоспары форматында әзірленеді.  «Күнтізбе» 2022 жылдың 15 наурызының Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің marketing_ksu@mail.ru электрондық мекенжайына жіберіледі.

Жұмысқа қойылатын негізгі талаптар Халықаралық қашықтық олимпиадасы туралы Ережеде көрсетілген.

Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің marketing_ksu@mail.ru электронды мекенжайы және +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77081506250 (Искакова Айгерим Тойболовна), +77015120348 (Ташенова Лариса Владимировна) телефондары бойынша хабарласуға болады.

III Халықаралық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы ереже