ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Білгенің абзал» ақпараттық-профилактикалық жобасы аясында 1 курс студенттері үшін профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — жастарға құқықтық білім беріп, олардың құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсіндіру болды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының заңнамалары мен студенттік өмірді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер кеңінен талқыланды. Мамандар ішкі тәртіп ережелерін, академиялық адалдық пен университеттің академиялық саясаты жайында толыққанды мәлімет берді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мәселесі қозғалып, академиялық этиканы бұзудың салдары түсіндірілді. Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау тақырыптарына да баса назар аударылды. Шара соңында студенттер сауалдарына жауап алып, құқықтық мәдениетті дамытуға, жауапкершілікті арттыруға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған пайдалы кеңестер алды.