ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА: «ТАЗА СЕССИЯ»

2025 жылдың 17 желтоқсанында университетімізде академиялық адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған «Таза сессия» акциясы аясында емтихандардың өту барысына жоспарлы мониторинг жүргізілді.

Мониторингтік топ құрамында Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор М.М. Умуркулова, Академиялық жұмыс департаментінің директоры Т.М. Хасенова, Қашықтан оқыту орталығының жетекшісі Г.Ж. Жетімекова, сондай-ақ Студенттік парламент төрағасы Н. Есимов болды.

Комиссия мүшелері химия, филология, педагогика, дене мәдениеті және спорт, шетел тілдері факультеттерінде болып, емтихан үдерісінің ұйымдастырылу деңгейін, талаптардың сақталуын және академиялық тәртіпті қадағалады.

Мониторингтің басты мақсаты – емтихандардың әділ, ашық және белгіленген талаптарға сай өтуін қадағалау, сондай-ақ студенттерге қолайлы әрі сенімді академиялық орта қалыптастыруға ықпал ету.

Тексеру нәтижесінде ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. Мониторингтік топ мүшелері емтихандардың белгіленген талаптарға сай, академиялық адалдық қағидаттары сақтала отырып, өзара сыйластық жағдайында өтіп жатқанын атап өтті.