«КІТАП ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ»
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасы 2026 жылға профессорлар, студенттер және филология факультетінің магистранттары үшін арнайы жазылым ұйымдастырды:«Орталық Қазақстан» – 150 дана. «Индустриальная Караганда» – 50 дана. Басқа факультеттердің профессорлары үшін:«Казахстанская правда» – 100 дана,«Егемен Қазақстан» – 100 дана.Бүгінгі таңда «Кітап оқитын университет» – бұл білім ордасының дамуының стратегиялық бағдарламаcы, онда оқу мәдениеті, ақпараттық сауаттылық пен мәтінмен жұмыс істеу қабілеттері білім берудің басты тірегі болып саналады.Газеттер студенттер мен оқытушыларға әлемдегі, ғылым мен білім саласындағы ең өзекті жаңалықтарды жедел алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіріп, ақпараттық кеңістікте хабардарлықтарын арттырады, сондай-ақ оқу мәдениеті мен танымдық қызығушылықтарын тереңдетеді.