Қытайдың Шихэцзы университетінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдер үшін су құбыры және суару жүйелерін дамыту» тақырыбындағы семинар бойынша оқу аяқталды.8–28 қыркүйек аралығында биология-география, физика-техника және химия факультеттерінің өкілдері мазмұнды білім беру бағдарламасына қатысты. Оқу аяқталған соң барлық қатысушыларға халықаралық сертификаттар табысталды.Тағылымдама барысында қатысушылар дәрістерге және практикалық сабақтарға қатысып, бейіндік кәсіпорындарда болып, экскурсиялық бағдарлама аясында өңірдің мәдени және тарихи мұрасымен танысты.29 қыркүйекте Басқарма Төрағасы – Ректордың қатысуымен қорытынды кездесу өтіп, стажировка нәтижелері талқыланып, болашақтағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.Семинарға қатысу халықаралық байланыстарды нығайту мен орнықты су жабдықтау және экология саласында кәсіби құзыреттілікті дамытудағы маңызды қадам болды.