ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы «ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ КОНТЕКСІНДЕ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗДІ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің заң факультеті азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы

2025 жылғы 25 қыркүйекте «Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың құқықтық реттелуі тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контексінде: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны онлайн/оффлайн форматында өткізді.

Іс-шара №АР23490668 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату: құқықтық мәселелері мен перспективалары» гранттық жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың құқықтық мәселелерін тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жағдайында жан-жақты талқылау, сондай-ақ қалдықтарды басқаруда экологиялық жауапты әрі орнықты көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін тиімді құқықтық, институционалдық және экономикалық тетіктерді іздестіру.

Актуалдылығы

Конференция тақырыбы қазіргі заман үшін өзекті, себебі қалдықтарды басқару мәселелері экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырумен және азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын қорғаумен тығыз байланысты.

Қатысушылар

Форум Қазақстан, Ресей, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан және Украина елдерінен ғалымдар мен практиктерді біріктірді. Сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттар да белсенді түрде тартылды.

Тақырыптар

Ұсынылған зерттеулердің ауқымы заңнамалық бастамалардан бастап, халықаралық және қаржылық құқық, меншік пен жауапкершілік мәселелері, электрондық қалдықтар, трансшекаралық ресурстар және жасыл экономиканы қалыптастыру сияқты жаңа сын-қатерлерді қамтыды.

Нәтижелер

Конференция нәтижелері заңнаманы жетілдіруге, құқық қолдану тәжірибесін дамытуға және экология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға негіз болады.

Алғыс

Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға ашық диалогқа дайындықтары және форум жұмысына белсенді қатысулары үшін алғыс білдіреді.

Пайдалы сілтемелер