АСТАНАДАҒЫ МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС
10 желтоқсан күні академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің басшылығы мен кәсіподақ комитеті профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлерден тұратын 15 адамдық делегацияны Астана қаласына жіберді. Олар Калибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драмалық театрында Уильям Шекспирдің мәңгілік шығармасы – «Ромео мен Джульетта» пьесасын тамашалайды. Спектакль ерекше әдіспен – «синема-эпос» үлгісінде қойылады. Мұнда сахнадағы әрекет пен экрандағы көрініс бір-бірімен тығыз байланысып, оқиғаны екі жақтан бірдей сезінуге мүмкіндік береді. Сахнада да, экранда да оқиға бірдей дамып, эмоциялар күшейеді, көрермен жүрегіне терең жетеді. Бұл – қазіргі заман театрының жаңа тәсілі: оқиға көз алдыңда тікелей «түсіріліп», әр көрермен үшін ерекше, есте қаларлық бір сәтке айналады. Шынайылық пен экран бейнесі біріккенде қойылым көрерменге толыққанды, ерекше әсер береді. Профессорлық-оқытушылық құрамымыз бен қызметкерлерімізге қойылымнан шабыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!