ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

СПОРТТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЗЕРТХАНАСЫ»: ҒЫЛЫМ МЕН СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ


Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған жаңа кеңістік пайда болады.Оқу және ғылыми үдерісті жаңғырту жобасы аясында «Спорттық зерттеулер зертханасын» құру жоспарлануда.Жоба жетекшісі — спорттық-педагогикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қабдолла Ербол.Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін 1 млн теңге көлемінде грант бөлінді. Жоба дене шынықтыру және спорт саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің сапалы жүргізілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, ол тек факультеттің қызметіне ғана емес, жалпы университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына да оң әсерін тигізбек.