ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП: ТҮСІНУ МЕН ҚОЛДАУҒА АПАРАР ЖОЛ

26 мамыр күні университет базасында республикадан және шетелден келген педагогтерді, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды, магистранттар мен докторанттарды біріктірген Жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Білім беру курсы аралас форматта — онлайн және офлайн түрде өткізіледі.

💠 Жоба және Жазғы мектептің мақсаттары туралы жобаның жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш. М. Мұхтарова айтып берді. Мектептің негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын анықтау, алдын алу және еңсеру үшін қажетті педагогтердің девиантологиялық құзыреттерін қалыптастыру, сондай-ақ мектеп оқушыларының табысты әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін тиімді және инновациялық әдістер мен стратегияларды қолдану.

💠 Баяндамалармен сөз сөйлегендер:

🔹 А. Н. Тесленко — педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтік ғылымдар докторы (РФ), профессор, «Ювенологиялық зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының директоры (Қазақстан).

Баяндаманың тақырыбы: «Девиантты мінез-құлықтың алдын алу құралы ретінде қалпына келтіруші медиация».

🔹 Й. М. Лукасик — педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Польша, Краков ауылшаруашылығы университеті).

Баяндаманың тақырыбы: «Польшада мінез-құлқында ауытқуы бар балалармен жұмыс істеу үшін мұғалімдерді даярлау моделі».

🔹 Профессор Чен Геанхуа, Шэньян педагогикалық университеті (Шэньян қаласы, ҚХР).

Баяндаманың тақырыбы: «Қытайдағы орта және бастауыш сынып оқушыларының девиантты мінез-құлқының пайда болу механизмі мен оған араласу жолдарын зерттеу».

🔹 М. К. Бұлақбаев — педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚазҰлЖенПУ-дың «Білім беру теориясы мен практикасы» кафедрасының бағдарламалық жетекшісі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты.

Баяндаманың тақырыбы: «Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері: Иллинойс университеті тәжірибесінен» (Урбана-Шампейн қ., АҚШ, Иллинойс университеті).

🔹 З. М. Сәдуақасова — педагогика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры.

Баяндаманың тақырыбы: «Адамның девиантты мінез-құлқымен жұмыс істеу технологиялары».

🔹 И. В. Журлова (ғылыми жетекші) — педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, педагогика магистрі, Бируль К. С. — И. П. Шамякин атындағы МГПУ (Беларусь) психология және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы.

Баяндаманың тақырыбы: «Девиантты мінез-құлықтағы балалармен кәсіби өзара әрекеттесу: әлеуметтік әріптестік негізіндегі құзыреттілік тәсіл».

🔹 М. А. Оспанова — Краковтағы Ұлттық білім беру комиссиясы университетінің докторанты (Польша).

Баяндаманың тақырыбы: «Девиантты мінез-құлық танытатын оқушылармен жұмыс істеу үшін мұғалімдердің құзыреттері: Польша мен Қазақстан мысалында».

🔹 Ш. М. Мұхтарова — педагогика ғылымдарының докторы, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры.

Баяндаманың тақырыбы: «Балалардың девиантты мінез-құлқының алдын алу бойынша еуропалық модельдердің салыстырмалы талдауы».

Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын «Мектеп мұғалімдерінің девиантты мінез-құлықты балалармен өзара әрекеттесуге кәсіби дайындықты қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары» жобасы аясында әзірленді (Грант № AP23489106).