ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Бейнероликтер байқауы

Биология-география факультетінің аумағында бірегей термос-жылыжайдың ашылуына байланысты оның атауы мен логотипіне конкурс жарияланды.

Шығармашылық іс-шараға биология-география факультетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысты.

Бүгін профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер алқасынан тұратын комиссия мүшелері конкурсты қорытындылады. 60 өтінімнің ішінен 28 сурет пен логотип таңдалды, әрі қарай офлайн дауыс беру нәтижесінде жеңіске үміткер 3 қатысушы іріктеліп алынды. Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, барлық жұмыс ерекше. Дегенмен, биология кафедрасының 4 курс студенті Әлішер Аллабергеновтің шығармашылық идеясы өте қызықты болып танылды. Ол жобасын егжей-тегжейлі сипаттап, логикалық қисынын ашып көрсетті.

Әлішер Аллабергеновті лайықты жеңісімен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс пен әрі қарай биіктерді бағындыруларын тілейміз!

PDF жүктеу