2024 жылдың 30 наурызында «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы өнер академиясының корреспондент мүшесі Қалмаханов Мадихан Сейтмаханұлының шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінің дизайн-студиясында өтті. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу мақсатында шеберлік сабағында Қарағанды қаласы Облыстық көркемсурет мектебінің оқытушылары мен студенттері, Тәттімбет колледжінің студенттері және жалпы білім беретін мектептердің білім беру бағдарламасына түсуге ниет білдірген оқушылары шақырылды: 6В02102 - Бейнелеу өнері. 6В01406 – Бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау. 6В02101- Дизайн. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, педагогикалық факультеті мен «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасына алғыстарын білдірді, осы дәстүрді жалғастыруды ұсынды.