2023 жылғы 10-11 мамырында цифрлық экономика бойынша халықаралық онлайн олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ студенттердің оқу қызметі мен болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады: 1 – тестілеу, 2 – кейстерді шығару, 3 - берілген тақырып бойынша ғылыми жобаны әзірлеу.
Өтінімдер 10 командадан келіп түсті, оның ішінде 7 команда екінші турға өтті. Соңғы турдың нәтижелері келесідей:
1 орын - Витебск мемлекеттік технологиялық университеті (Жетекші - Грузневич Екатерина Сергеевна, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы);
2 орын - Витебск мемлекеттік технологиялық университеті (Жетекші - Краенкова Кристина Игоревна, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы);
2 орын - Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университеті (Жетекші - Тимофеева Анна Анатольевна, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент);
3 орын - Мемлекеттік зияткерлік технологиялар және байланыс университеті (Жетекші - Чукурна Елена Павловна, экономика ғылымдарының докторы, профессор);
3 орын - Мемлекеттік зияткерлік технологиялар және байланыс университеті (Жетекші - Тардаскина Татьяна Николаевна, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент);
3 орын - Ташкент қаржы институты (Жетекші - Юлдашева Надира Викторовна, PhD, доцент);
3 орын - академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Жетекші - Перова Нина Сергеевна, аға оқытушы, э.ғ.м.).
Экономика және халықаралық бизнес кафедрасы жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс пен ғылыми жаңалықтар тілейді!