Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Назарбаев Университетінің базасында
15–16 қаңтар күндері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Назарбаев Университетінің базасында «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» атты республикалық форум өтті.Форумның алғашқы күні білім беру сапасын арттырудың ең өзекті мәселелеріне арналды. Халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, мүдделі тараптармен тиімді жұмыс жасау жолдары қарастырылды, университеттердегі академиялық, ғылыми және әлеуметтік өмірдегі күрделі мәселелер талқыланды. Ректорлар мен проректорлар атқарылған жұмыстың күшті және әлсіз тұстарын, департаменттердің тиімділігін және нормативтік құжаттардағы өзгерістерді ортаға салды. Екінші күні білім беру мен ғылыми қызметтің сапасын бағалаудың заманауи әдістеріне арналған тақырыптық сессиялар өтті. Министрдің қатысуымен пленарлық отырыс ұйымдастырылып, саланы дамытудың стратегиялық бағыттары анықталды.
