ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ САЯСАТ НҰРБЕК БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
2026 жылдың 24 ақпанында Бөкетов ұлттық университетіне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ведомство басшысы оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, ғылыми инфрақұрылымымен және заманауи білім беру мүмкіндіктерімен танысты.Бағдарлама аясында ол алдымен Заң факультетіндегі тергеу әрекеттерін модельдеу кабинетінде болды. Мұнда болашақ заңгерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған тәжірибеге негізделген оқыту жүйесі енгізілген. Сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік саласы мамандарын даярлауға арналған, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген Экономикалық тергеу қызметінің оқу-әдістемелік кабинеті таныстырылды.Сонымен қатар министр көрнекті заңгер-ғалым, мемлекет қайраткері Салық Зиманов атындағы аудиторияны да аралады. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына зор үлес қосқан Салық Зиманов тәуелсіз елдің заңнамалық негіздерін әзірлеуге белсене қатысып, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны дайындау жөніндегі комиссияны басқарған, сондай-ақ 1993 жылғы Конституция жобасын әзірлеуге жетекшілік еткен.Жұмыс сапарының қорытындысында министр университетте жүзеге асырылып жатқан инновациялық білім беру технологияларының деңгейіне, оқу-зерттеу инфрақұрылымының сапасына және тәжірибеге бағытталған маман даярлау жүйесіне жоғары баға берді. Мұндай тәсіл мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдары үшін білікті әрі бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Бұл сапар университеттің өңірдегі жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі стратегиялық маңызын айқындай түсті. Білім ордасы ғылым мен жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда және елдің зияткерлік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.

