ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2025 жылғы 24 сәуірде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті Самарқанд мемлекеттік шет тілдер институтының (Өзбекстан, Самарқанд қаласы) 13 профессорынан құралған делегацияны құрметпен қарсы алды.Тәжірибе алмасу Археология және этнография музейін тамашалаудан басталды. Одан кейін Университеттің Басқарма мүшелері мен профессор-оқытушы құрамымен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың келешегі, академиялық ұтқырлық және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Сапар бағдарламасына университеттің негізгі нысандарын аралау да кірді: дендропарк, Күй аллеясы және Akylbayev Research Center – университеттің зияткерлік орталықтарының бірі, мұнда алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Орталық қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.Делегация тәжірибе алмасуды және академиялық байланыстарды нығайтуды жалғастырады.