ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕ

2026 жылдың 24 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында орналасқан Низами атындағы Өзбек ұлттық педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.Аталаған тағылымдамаға Қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Бектұрсын Аманқұлұлы Қалиев пен журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Сембекқызы Рамазанова қатысуда.Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты – ғылыми және педагогикалық тәжірибе алмасу, жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ филология мен журналистика саласындағы пәндерді оқытудың заманауи әдістемелерін терең зерттеу.Бағдарлама аясында ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысу, университеттің жетекші ғалымдарымен мазмұнды кездесулер өткізу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және халықаралық деңгейдегі ғылыми жарияланымдардың болашағын талқылау жоспарланған.Бұл тағылымдама профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға және академиялық ұтқырлықты дамытуға зор ықпал етеді.