ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ТҮЛЕКТЕРМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСУ

2025 жылдың 09 желтоқсанында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті жұмысқа орналастыруға, міндеттен босату шаралары, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтардың міндетті түрде жұмыс өтеуіне қатысты мәселелерді түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу мақсатында Оператор Мониторинг департаментінің жетекші маманы Акзира Серікқали 2026 жылғы түлектермен онлайн-кездесу өткізді. Спикер білім беру грантын міндетті өтеу мәселелері бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес түсіндірме берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын, соның ішінде «Серпін» грантын өтеуге қатысты сұрақтарын қойды. Кездесу сұрақ-жауап форматында тиімді өтті.