ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

OPEN DAY-2025

Buketov University бас ғимаратында Маркетинг және рекрутинг басқармасымен «OPEN DAY-2025» іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара аясында Еуразиялық білім беру көрмесі ұсынылып, Қазақстан және ТМД елдерінің 20-дан астам жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын, қабылдау шарттары мен оқу бағыттарын мектеп және колледж түлектеріне таныстырып, академиялық ұтқырлық пен халықаралық әріптестік мүмкіндіктері туралы кең көлемді мәлімет ұсынды. Бұл мүмкіндіктермен Қарағанды қаласы және өңірінің 700-ден астам талапкерлері танысып, жоғары білім траекториясын анықтауға қажет құнды ақпарат жинады.

Іс-шараның мазмұндық бөлігімен қатар, Студенттер сарайы дайындаған музыкалық нөмірлер шараның атмосферасын жандандыра түсті, сонымен бірге оқушылар арасында «Buketov Merch» брендтік өнімдерінің ұтыс ойындары өткізіліп, қатысушылардың қызығушылығын арттыра түсті.

BUKETOV UNIVERSITY базасында ұйымдастырылған OPEN DAY-2025 іс-шарасы түлектердің білім беру мүмкіндіктері туралы хабардарлығын кеңейтіп, өздерінің Жарқын болашақтарының алғашқы баспалдығын нық басуға бағыт-бағдар берді.