Қарағанды Бөкетов университеті 18-25 наурыз аралығында профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне, жалпы, 30 адамға Өзбекстандағы көпсалалы балшықпен емдейтін бальнеологиялық курорт — «Таштермал» шипажайында демалуға мүмкіндік туғызды. Таштермал ТМД-да ғана емес, сонымен қатар шетелде де танымал шипажайлардың бірі. Демалыс орны 10 гектар аумақты алып жатқан үлкен жасыл саябақта орын тепкен. Шипажай Ташкент қаласының маңында, теңіз деңгейінен 545 метр биіктікте орналасқан. Демалушыларға қызмет көрсету сервисін жетілдіру мақсатында аумақты аралайтын электромобильдер іске қосылған. Ташкент қаласының көрікті жерлеріне ұйымдастырылған экскурсиялар шетелдік қонақтарға естен кетпес жылы естеліктер сыйлайды. Әріптестерімізге тамаша тынығып, жақсы ем алып, жұмысқа жаңа күш-қуатпен, керемет көңіл-күймен оралыңыздар деген тілектеміз!